Сапа саласындағы оқыту
ЖОО қызметінің аспектілеріне қатысы бар кредиттік технологияны, сапа менежментінің қазіргі жүйесін, ақпараттық жүйелер кешенін енгізумен байланысты өзгерістер мен өзгертулерді жүзеге асыру ЖОО қызметкерлерінің, әсіресе университет қызметін бағалау процедураларына қатысатындардың, білімдерін үнемі жаңартып, бақылап, коррекциялап отыруды талап етеді. Осы жағдайда персоналдың ақпараттанылуын түрлі жолдармен іске асырылатын біліктілігін арттыру курстары, семинарлар, мастер-кластар және т.б. арқылы арттыру маңызды рөл атқарады.
Университет қызметкерлерінің ақпараттанылуы әр түрлі бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Оқыту шаралардың тақырыптары да алуан түрлі. Бұл стандарттар талабы, сапа менеджменті жүйесінің мәселелері, аккредитациялау процесінің ерекшеліктері, сапа құралдары. Соңғы жылдары тақырыптардың мағынасы жалпы менеджмент, сапа менеджменті мәселелерінен корпоративтік мәдениет, жеке және жұмыс уақыты, эмоциялар, шығармашылық, жұмыс орнын ұйымдастыру мәселелеріне дейін кеңейтілуде.
2004 жылдан бастап ішкі аудиторлар, декандар орынбасарлары мен құрылымдардағы сапа жөніндегі жауаптылар үшін сапаны басқару саласындағы қазіргі бағыттарға арналған семинарлар өткізіліп келеді. Басында ұйымдастырушылардың негізгі мақсаты қатысушыларды сапа менеджментіндегі қазіргі әдістер және тәсілдермен таныстыру, университет сапа менеджменті жүйесі туралы түсінік қалыптастыру, оның даму мәселелерін қарастыру болып табылатын. СМЖ туралы түсінік қалыптасқан соң, семинарлар тақырыптары да кеңейе бастады.
Сапа менеджменті қызметі қызметкерлер, оқытушылар мен сыртқы клиенттердің біліктілігін арттыру курстары үшін жаңа бағдарламалар әзірледі: «Методы и инструменты управления для современного руководителя», «Система менеджмента образовательного учреждения», «Разработка и внедрение СМК на предприятии», «Методы и инструменты повышения качества работы».
2004 жылдан бастап сапа менеджменті қызметі ұйымдастырған қазіргі білім беру менеджменті мәселелеріне арналған арнайы бағдарламалар бойынша біліктілігін арттыру курстардан 300-ден астам университет оқытушылары мен қызметкерлері өткен болатын.
Семинарлар тақырыптары
Біліктілікті арттыру курстарының тақырыптары