Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Конституция -мызғымас мемлекетіміздің іргетасы

Университетте ҚР Конституция күніне арналған  аймақтық дөңгелек үстел өтті. Шараға  жергілікті атқарушы органдар мен «АМАNАТ» партиясының өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары және университеттің ПОҚ  қатысып, жаһандық әлеуметтік қайта құрулар жағдайында еліміздің конституциялық дамуының негізгі мәселелерін қарастырды. 

Жиынның ашылу рәсімін ТЭжҚФ деканы Зауре  Картова ашып, өз сөзінде: «Конституция бізге саяси тұрақтылықты, қоғамдық келісімді, экономикалық дамуды қамтамасыз етуге көмектесіп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тиімді қорғауға кепілдік бергенін уақыт көрсетті. Қазақстан Республикасының Ата заңы дүниежүзіндегі ең жас конституциялардың бірі»- атап өтті.

Асқар Баймұқанов СҚО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары ретінде,  қатысушыларға биылғы жылы өткен конституциялық реформа туралы және ел болашағының идеологиялық құрамдас бөлігінің өзгерістері жайлы айтып берді. Сондай-ақ, спикерлер еліміздің басты заңы қоғамды жаңғыртудың негізі және қуатты мемлекет құрудың іргетасы болып табылатынын атап өтті.

01.09.2022