Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Қозыбаев университеті студенттерді қарсалды

1 курсқа қабылданған кешегі мектеп түлектерін Қозыбаев университеті қарсы алып, білім күнімен салтанатты түрде құттықтады. Биыл біздің Жоғары оқу орны еліміздің түкпір-түкпірінен келген 1200 -ге жуық студентке есігін ашты.

Мерекелік жиынға оқытушылар мен университет табалдырығын жаңа аттаған студент-жастар, ата-аналар қатысты. Университеттің Академиялық мәселелер жөніндегі Басқарма мүшесі  Рената Апергенова білімгерлерді жаңа оқу жылымен құттықтап, оқу орданың оң өзгерістерін, 1 курс студенттеріне  университеттің алға қойған мақсат- міндеттерін, жалпы ережелері мен академиялық саясатын, білім беру жүйесіндегі тың жоспарлар туралы баяндады. Сондай-ақ факультеттер бойынша экскурсиялар ұйымдастырылды, олардың көмегімен бірінші курс студенттері кампуспен жақынырақ таныса алды.

Салтанатты шара талантты жастар ұйымдастырған мерекелік бағдарламаға ұласты.

01.09.2022