Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Аризона университетімен қос дипломды оқыту бағдарламаларын іске қосу

Аризона университетімен көптен күткен қос диплом бойынша оқу бағдарламалары білім ордамызда іске қосылды. Бұл жоба Мемлекет басшысының Қазақстанда беделді шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында өткен жылы басталған болатын. Аризона университеті, Қозыбаев университеті мен ҚР Білім және ғылым министрлігі арасында меморандумға қол қойылды. Бірлескен бағдарламалар бойынша оқыту үш тілде – ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде, IT, инженерия, агротехнология мен биотехнология салаларында гранттармен қарастырылады. Нақты негізгі мәселе студенттерддің қос диплом алу бағдарламасы: Қозыбаев университеті және Аризона университетінің дипломы.

Жиынға қатысқан СҚО әкімі Құмар Ақсақалов қос дипломды оқыту бағдарламасының оң жақтарын атады. «Аризона университетімен бірлесе отыра қос дипломды жаңа бағдарламаны іске қостық. Бүгінгі күн университетіміздің тарихында өте маңызды кезең. Жоба өңірдің дамуына үлкен әсерін беретініне сенімдімін. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 170 студентті қабылдадық. Алдағы жоспар: университетіміздің білім алушылар санын 10 мыңға жеткізу»,- деді СҚО әкімі.

Салтанатты шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, СҚО әкімі Құмар Ақсақалов және Аризона университетінің серіктестері, қызметкерлер мен студенттер және олардың ата-аналары қатысты.

«Алғаш рет Аризона университетінің үлкен филиалын ашып отырмыз. Бұл жоба табысты әрі маңызды. Алдымен грант, инфрақұрылым, жағынан үлкен қаражат бөлінді. Қозыбаев университетінің басқарма мүшелері жас, мықты, шетелде оқыған жастарды жоғары білім саласына тартуда. Біз бұл командаға толық сенеміз. Аризона университеті соңғы 5 жылда АҚШ-тың ең инновациялық жоғары оқу орындарының рейтингісіне кірді. Онда 1700 ПОҚ жұмыс істейді, оның ішінде 5 Нобель сыйлығының лауреаты, 7 Пулитцер сыйлығының лауреаты бар»,-деп Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек атап өтті.

Сонымен қатар, Аризона университетінің вице-президенті Лизл Фолкстың айтуынша, студенттерге, екі бірдей ЖОО-ның оқытушылары мен профессорлары дәріс береді. Ең сәтті тұстардың бірі қос диплом бойынша түскен студенттер, 4 курста біздің Аризона университетіміздің кампусына келуге мүмкіндік алады. Дәл осы бағдарламалар бәсекеге қабілетті студенттерді даярлауға мүмкіндік береді.

Шараның алғашқы бөлімінде студенттер мен ата-аналар Аризона университетінің өкілдерімен кездесті.  Оларға екі университеттің маскоттарының (кейіпкерлердің) арнайы қойылымы ұйымдастырылып, естелік сыйлықтар табысталды.

Қозыбаев университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор Ерлан Шұланов ауқымды жобаға жан-жақты қолдау көрсеткен ҒЖБ министрлігіне, ұжым мен студенттерге алғысын білдірді. «Құрметті студенттер, жарайсыңдар! Шынымен университетімізді таңдағандарыңызға өте қуаныштымын. Білім– болашаққа жолдама, өйткені ертеңгі болашақ сіздердің қолдарыңызда», – деп өз сөзін түйіндеді.

Университеттің жаңа ғимаратында заманауи кең оқу аудиториялар, демалыс бөлмелері қамтылған. Іс-шараға қатысушылар үшін біздің университеттің жаңа оқу-зертханалық корпусының ғылыми орталықтары бойынша экскурсия өткізілді, онда халықаралық бағдарламалар бойынша  студенттер оқитын болады. Бұл жобаның Қозыбаев университеті брендін жаңа деңгейге көтеруге, өңірден шықпай-ақ халықаралық білім алуға, сондай-ақ жастарды біздің ЖОО-нын таңдауға септігін тигізеді. Бұдан басқа, жоба өңірлерді кадрлармен қамтамасыз етуге және қазіргі заманғы оқу және ғылыми зертханалар құруға бағытталған.

06.09.2022