Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Жобаны жүзеге асыруға 58 миллион

ҒЖБМ Ғылым комитеті  ұйымдастырған 2022-2024 жылға арналған ғылыми-техникалық жобалардың «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер» бағыты бойынша гранттық қаржыландыруға арналған байқаудың қорытындылары жарияланды.  Байқауға жалпы Республика бойынша 248 жоба ұсынылып, оның 88 іріктелді.

«XX ғасыр басындағы Солтүстік Қазақстан: Алаш зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі және рухани мұрасы» атты ғылыми жобамен Басқарма Төрағасы-Ректор кеңесшісі, тарих ғылымдарының докторы Ақмарал Ыбыраева 58 702 000 теңгелік қаржыландыруды жеңіп алды.

Бүгінде Ақмарал Ғосманқызы мемлекет тарапынан бірнеше маңызды ғылыми бағдарламаларға қатысып, рухани жаңғыру, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау сынды бағдарда нәтижелі жетістіктерге қол жеткізді. Ғалым, Отан тарихының өзекті мәселелерін, өңіріміздің тарихын, өлкетану, мұражай саласын зерттеу бағытында үлкен үлес қосып, қоғамдық өмірге белсенді араласады. Құрметті Ақмарал Ғосманқызы, ғылыми-зерттеу бағытындағы жұмысыңызға сәттілік тілейміз, еңбегіңіз жемісті болсын!

09.09.2022