Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Мықтыны анықтайтын спорт лига

Волейбол және футзалдан 1 курс студенттері арасында студенттік спорт лига ойындарының ашылу салтанаты өтті. Студенттерді сайыс алдында сергітіп және олардың жақсы нәтижелерге қол жеткізулері үшін , университеттің бас алаңында  «Денсаулығымыз өз қолымызда» ұранымен дене шынықтыру жаттығуы ұйымдастырылды.  Білім алушылар бір ырғақпен бойларын  жаттықтырып, тәні саудың жаны сау екендігін көрсетті. Жаттығу шарасына барлығы 300-ге жуық білімгер қатысты.

Жарыста әр факультет намысын 7 команда қорғайды. Әрбір құрамада 10 ойыншы. Топтық айналымнан өткен қатысушылар, ақтық мәреде сынға түсіп, өзара мықтыны анықтайтын болады. Студенттік лига қыркүйектің 12-нен бастап 15-не дейін жалғасады. Барлық ойыншыларға сәттілік тілейміз!

13.09.2022