Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Оқу орда қабырғасында ойлап тапқан жоба нақты нәтиже көрсетуде

2018 жылы Қозыбаев университетінің базасында Ғылыми-технологиялық су орталығы құрылды. Оның құрамына университеттің ғалымдары кіреді, студенттер практикадан өтеді.

Өткен жылдан бастап Петропавлдан ағынды сулар ағып жатқан жерді қалпына келтіру мәселесімен тығыз айналысты. Жыл сайын көктем-жаз мезгілінде қалаға жағымсыз иіс, су қоймасынан шығады. Бұл мәселенің шешімі университетте шығарылған хлорелла микробалдырының штаммы болды. Оның 400 тоннасын өткен жылы ҒТСО қызметкерлері жинақтаушы тоғанға енгізген болатын. Жұмыс тіпті қыста да тоқтаған жоқ. Мұның бәрі өз нәтижесін көрсетті: сутегі сульфидінің шығарындылары едәуір азайды, судағы оттегінің концентрациясы артты, су қоймасын өзін-өзі тазартудың табиғи механизмдері іске қосылды. Хлорелла зиянды заттарды «жей» бастады, оларды өңдеп, оттегін шығарды. Сонымен қатар,«жасыл көмекші» ағынды сулардағы заттармен қоректенеді және судың «гүлденуіне» жағымсыз иіс тудыратын балдырлардың басқа түрлерін басады. Жыл сайынғы тексеру кезінде «Қызылжар су» ЖШС Бақылау кеңесінің мүшелері де оң динамиканы байқады (теңгерімінде биотоған бар). Мамандардың айтуынша, қазір хлорелла тоғанға тұрақты негізде бекітілуіне қол жеткізу керек.  Содан кейін, тазарту қондырғыларын жөндеумен қатар, біршама жылдар бойы шешілмеген мәселені жеңуге болады.

Ғылыми-технологиялық су орталығы ғалымдарының жұмыстары 2023 жылға дейін жүргізілетін болады. Қазір хлорелла университет қабырғасында «өсіріледі». Содан кейін «толық аяқталған» технологиясы «Қызылжар су» ЖШС-не беріледі, олардың аумағында фотобиореактор қойылады және олар өздері биоматериал өндіре алады. Айта кетсек, бүкіл қаланың биологиялық тұндырғышын тазарту үшін Қазақстанда алғаш рет осы микробалдырды қолдануда.

15.09.2022