Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Поэтикалық баттл жарияланады!

2022 жылдың 21 қыркүйегінде ТжӘИ Тілдер апталығы аясында М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың 85 жылдық мерейтойына арналған поэтикалық батл өткізіледі. Батл  қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз тілдерінде ЖОО-ның барлық мамандықтарының білім алушылары арасында ұйымдастырылады. Барлық тілек білдірушілер шақырылады. Өтетін орны: ауд. 357,  № 3 оқу корпусы. Басталуы: 17: 00.

ЕРЕЖЕ 

студенттік поэтикалық батл өткізу туралы

"Тіл-баға жетпес мұра",

 М.Қозыбаев атындағы  Солтүстік Қазақстан университетінің 85 жылдығына арналған,

Қазақстан халқы тілдері апталығы аясында өткізілетін іс-шара

1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже "Тіл – баға жетпес мұра"студенттік поэтикалық батлының шарттарын, тәртібін, ұйымдастырылуы мен өткізілуін айқындайды.
1.2. "Тіл – баға жетпес мұра" студенттік поэтикалық батл М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың 85 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде өткізіледі. 
1.3. Ақындық шайқастың ұйымдастырушысы: ТжӘИ.
2. Поэтикалық батлдың мақсаты мен міндеттері
2.1. Көркем поэтикалық сөзді қолдану арқылы білім алушылардың шығармашылық әлеуетін арттыру.
2.2. Дарынды оқушыларды анықтау, жастар ортасында шығармашылық қызметті қолдау және көтермелеу.
2.3. Білім алушыларда белсенді өмірлік ұстанымды тәрбиелеу.
3. Поэтикалық батлдың тәртібі, мерзімі
3.1. Ақындық батл өткізу үшін құрамына ТжӘИ кафедраларының өкілдері кіретін құзыретті қазылар алқасы құрылады. 

3.2. Қазылар алқасының басшылығын төраға жүзеге асырады, ол  қорытынды шығарады және судьялардың шешімдері үшін жауапты болады. Хатшы шешім бойынша хаттама ресімдейді.                                                                                                                                                               

3.3. Қазылар алқасы конкурсқа қатысушыларды бағалайды, аяқталған соң нәтижелерін жариялайды. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қаралмайды. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.                                                                                                                                                                         

 3.4. Сөз сөйлеуді бағалауды қазылар алқасының әрбір мүшесі 10 балдық жүйе бойынша жүзеге асырады: 0-ден 10 балға дейін.                                                                                                                           

3.5. Соңғы кезеңді өткізу мерзімі-2022 жылғы 21 қыркүйек.                                                                                                           

 3.6. Өткізілу уақыты мен орны: М.Қозыбаев атындағы СҚУ  № 3 оқу корпусы ауд.№ 357. Сағат 17.00.

4. Поэтикалық батлды өткізудің шарттары
4.1. Поэтикалық батлға қатысу үшін ЖОО білім алушылары шақырылады.
5. Поэтикалық батлды қорытындылау және марапаттау
5.1. "Тіл – баға жетпес мұра" тақырыбын үздік поэтикалық баяндау.Қатысушыларға грамоталар мен сертификаттар табыс етіледі.

20.09.2022