Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

ҚР ҒЖБ министрлігінің бағдарламасы жүзеге асуда

Университеттің басшылығы АҚШ-тан келген оқытушы Тимур Альфред Мавлютовпен кездесті. Ол ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің шетелдік ғалымдарды еліміздің жоғары оқу орындарына тарту бағдарламасы аясында университетімізде қызмет жасау үшін келді.

Тимур Альфред Мавлютов – PhD докторы, Висконсин Мэдисон университетінің оқытушысы (Висконсин.қ). Қозыбаев университетінің медицина факультетінде сабақ бере бастайды. Америкалық әріптес «Офтальмология негіздері» пәнін бір ай бойы «Жалпы медицина» ББ студенттері үшін ағылшын және орыс тілдерінде оқытады.

Өткен жылы министрліктің осы бағдарламасы бойынша біздің студенттерімізге Литва, Болгария, Түркия, Италиядан келген шетелдік мамандар дәріс оқыды.

20.09.2022