Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Белгілі ғалымға құрмет...

Қозыбаев университетінің тарих мұражайында атақты археолог Виктор Зайберттің атаулы залының салтанатты ашылуы өтті.

Виктор Федорович  тарих ғылымдарының докторы, профессор, Герман археологиялық институтының, ҚР Қоғамдық ғылымдар Академиясының корреспондент-мүшесі, әлемдік аты бар ғалым. Ол бізді ботай мәдениетімен таныстырып, 1980 жылы Ботай елді мекенін (қазіргі СҚО аумағында) ашты. Дәл осы жерде жылқының алғашқы қолға үйретілгені дәлелденді.

Виктор Зайберт біздің жерлесіміз, тас дәуірінің ескерткіштерін зерттеу саласындағы маман, бірнеше ғылыми жаңалықтардың және Солтүстік Қазақстанның ежелгі тарихы туралы 100-ден астам кітаптар мен мақалалардың авторы. Оның өмірі біздің оқу ордамызбен тығыз байланысты. Мұнда ол педагог, тарих кафедрасының меңгерушісі, декан, проректор болып жұмыс істеді. Сондай-ақ оқу-ғылыми орталығын басқарды, Солтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының жетекшісі болды.

30 қыркүйекте ол 75 жасқа толар еді. Осы күн қарсаңында ЖОО-да В.Ф. Зайбертке арналған зал ашылды,мұнда ғалымның еңбектері, фото-бейнематериалдары, жеке заттары жинақталған. Интерактивті стендтердің көмегімен келушілерге көрнекті қазақстандық археологтың өмірбаяны, ғылыми жаңалықтары, мұрасы туралы айтылады.

 

29.09.2022