Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Тұрақты ауыл шаруашылығы және цифрлық трансформация жағдайында білім беру

2022 жылғы 26-27 қыркүйекте Logo e.V қауымдастығының (Германия) бастамасымен Kozybaev University-де «Тұрақты ауыл шаруашылығы және цифрлық трансформация жағдайында білім беру» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференция бағдарламасы негізгі секцияның, «Органикалық тыңайтқыштар және биологиялық өнімдер» секциясының және «Logo e.V одағы» және «Weiterbildung Praktikum» бағдарламаларының ұтқырлығы мен бағытын кеңейту бойынша панельдік пікірталастың жұмысын қамтыды.

Барлық мүдделі тұлғалар мен ұйымдарды тарту және ыңғайлы болуы үшін  конференция жұмысы күндізгі режимде және ZOOM платформасында жүзеге асырылды.

Жұмыстың 2 күнінде ғалымдардың, практиктердің, студенттер мен магистранттардың назарына конференция тақырыбы бойынша 25-тен астам баяндама ұсынылды. Конференцияға қатысушылар ағылшын, неміс, орыс тілдерінде баяндамаларды тыңдады.

Бұл күндері ғалымдардың жұмысы өте қарқынды болды-баяндамаларды талқылау нағыз пікірталас түрінде  болды. Университет қонақтары СҚУ мұражайын, спорт кешенін, обсерваторияны, жаңа оқу-зертханалық кешенді аралады.

Алда-конференцияны қорытындылау, ғылыми мәселелер, академиялық ұтқырлық және ынтымақтастық мәселелері бойынша екі жақты шешімдер қабылдау.

02.10.2022