Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Түркиялық профессормен генетика саласын зерделейміз

ҚР ҒЖБ министрлігінің шетелдік ғалымдарды еліміздің жоғары оқу орындарына тарту бағдарламасы аясында профессор Юзуф Озкул, Қозыбаев университетіне келді. Ол Түркияның Кайсери қаласындағы Эрджийес университетінің медициналық генетика бойынша PhD профессоры. Генетика және аутизм саласында зерттеулер жүргізеді, олардың нәтижелерін халықаралық ғылыми журналдарда жариялайды.

Профессор бір ай бойы медицина факультетінде сабақ береді. Қазірдің өзінде студенттерімізге «Генетика негіздері», «Молекулалық биология», «Онкогематология», «Фармакогенетика» пәндерінен ағылшын тілінде дәріс оқып жүр.

Ынтымақтастық одан әрі жалғасуда. Университетіміздің басшылығымен ресми кездесу аясында Эрджийес университетімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл жоғары оқу орны Түркиядағы 10 зерттеу университетінің бірі болып табылады.Сондай-ақ, білім беру және ғылыми-зерттеу мүмкіндіктерін, ғылыми қызметін үнемі жетілдіріп отырады.Осы бағыттар бойынша одан әрі жемісті келісімдер жүргізілетін болады.

28.10.2022