Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Қанаш Шәкеновтың 100 жылдығы

Қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Қанаш Шәкенұлы санаулы ғұмырында оқу ордамыз үшін мол мұра қалдырды. Ол 1969-1987 ж.ж.  университетімізде ректор болды. Профессор құрметіне 2-ші оқу ғимаратына мемориалдық тақта орнатылып, жылы естеліктер айтылды.

«Өз заманында ұлтына, халқына еңбегін адал сіңірген тұлға. Туған жерінің абыройлы перзенті.  Ғылым мен білім жолында табаны талмай кеткен тарлан. Бұл Ескерткіш тақта ағамызға деген құрмет»,-деді ішкі саясат басқармасының басшысы Кемел Оспанов

Салтанатты жиын, бірге қызмет жасаған әріптестері, туған-туысқандары мен  замандастарының ұлықтап еске алу кешімен жалғасты. Қанаш Шәкеновтың басқарған тұсы мен ректор қызметіндегі жолына жан-жақты тоқталды. Профессор атындағы аудиторияның тұсауын игі шараға ұйытқы болған Басқарма Төрағасы – Ректор Ерлан Шұланов пен қайраткерлігін ұлықтай келген туған әпкесі Алма Шәкенова кесті.

«Бүгін барлық қонақтардың басын қосып отырған белгілі қоғам қайраткері білім мен ғылым саласында өшпес із қалдырған Қанаш Шәкенұлының бір ғасырлық мерейтойы. Өзінің жарқын ғұмырында, кезінде педагогикалық институт болған ЖОО-ның дамуына зор үлесін қосты. Бүгінгі біздің Аризонамен ынтымақтастығымыз сынды, осыдан 50 жылдан астам уақыт бұрын М. Ломоносов атындағы ММУ мен келісімге қол қойды. Соның арқасында Институттың 60 оқытушысы аспирантураны бітіріп, кандидаттық диссертацияларды қорғады. Материалдық техникалық база, ПОҚ тұрғын үй материалдық жағдайы жақсартылды. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де ол ғылыми қызметін жалғастыра берді», – деп университет ректоры Ерлан Шұланов атап өтті.

Сонымен қоса, өмірі, қызметі мен жетістіктері берілген тарих музейінің залында «Туған жердің беделді ұлы» көрме кеңістігі рәсімделді. Қанаш Шәкенұлының басшылығы кезінде білім орданың қарқынды өсуі байқалды: арнайы зертханалармен жабдықталды, 2 бірдей жаңа оқу корпусы, 3 жатақханасы, оқытушыларға арналған тұрғын үй кешені бой көтерген. Тәрбиелеген талай шәкірттері табысты еңбек етіп, еліміздің дамуына сүбелі үлес қосты. 

04.11.2022