Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Сәтті соққы жеңіс әкелді!

Қозыбаев университетінде Үндістаннан келген 243 студент бар. Барлығы медициналық факультетте білім алуда. Болашақ дәрігерлер ретінде оларға дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы жақсы таныс. Сондықтан, университеттің спорт секцияларына  үлкен қызығушылық танытып, жаттығуларды қалт жібермейді.

Өткен аптада олар үшін волейболдан турнир ұйымдастырылып, оған 60-қа жуық адам қатысты. Ойын екі күнге жалғасты.  Жалпы 6 команда құрылды. Спорттық доданың нәтижесінде 3 орынды төртінші курс студенттері ОМ (А)-19-2 командасы иеленді. «Күміс» 3 курс білім алушылары ОМ (А)-20-2 тобына бұйырды. ОМ(А)-18-4 студенттері жеңімпаз атанды!

Турнирдің үздік ойыншысы болып жеңімпаз команданың капитаны Lovejeet Bhadana танылды. Құттықтаймыз!

09.11.2022