Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Шекарасыз өнер

Осындай атаумен облыстық шығармашылық байқау СҚО-да бесінші жыл бойы өткізіліп келеді. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандардың таланттарын көрсетуге мүмкіндік бар. Бұл жолы шара университет қабырғасында өтті.  «АРДОС-Жүрек» мүгедектер бірлестігі, СҚО Ішкі саясат басқармасы және Қозыбаев университетінің ұйымдастырушылары  қатысушыларды  критерийлермен шектемей, еркін өнер көрсетулеріне жағдай жасады. Осылайша, балалар әлеуеттерін дамытып, шығармашылықта өздерін шыңдайды.

Байқауға Петропавл қаласы мен СҚО аудандарынан барлығы 115 адам қатысты. Олар алты номинация бойынша: «Көркем сөз», «Көркем өнер», «Хореография», «Ән айту», «Аспаптық өнер», «Сәндік-қолданбалы өнер» үш жас санатында бақ сынасты.

Біздің 3 студент байқаудың жеңімпаздары болды! Шынайы дәлдікпен, ашық түстермен боялған көркем сурет қазылар алқасы  мүшелерінің жүректерін жаулап,  Мира Абитова 1 орынды иеленді .

Студенттеріміз Тамерлан Айкенов пен Сандуғаш Молдағалиеваның «Фристайл» би дуэті хореографиялық өнерде үздік атанды. Байқаудың әртүрлі санаттарында барлығы 37 жүлдегер мен жеңімпаз марапатталды. Барлығына дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

«Талант- әркімнің бойындағы ерекше күш.  Бірақ оны оятуға жылы қарым-қатынас, сенім,  жақындардың, достардың сүйіспеншілігі мен қызығушылығы көмектеседі. Біз бұған көз жеткіздік!»,- деп атап өтті іс-шараны ұйымдастырушылар.

23.11.2022