Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Факультеттер жаңалықтары
F: "Тәуелсіздік—аманаты бабамның"

Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл, оқу ордамызға есімі берілген академик, ғалым, тарихшы Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың туғанына 90 жыл толу әрі қарай оқу

03 наурыз 2022
АФ: Тезірек, биік, мықты - бірге

"Тезірек, биік, мықты - бірге" ұранымен бүгін М. Қозыбаев атындағы СҚУ - дың 85 жылдығына орай жаппай жеңіл атлетикалық жүгіру жарысы өтті. Жарысқа оқ әрі қарай оқу

02 қазан 2022
АФ: Тұрақты ауыл шаруашылығы және цифрлық трансформация жағдайында білім беру

2022 жылғы 26-27 қыркүйекте Logo e.V қауымдастығының (Германия) бастамасымен Kozybaev University-де «Тұрақты ауыл шаруашылығы және цифрлық транс әрі қарай оқу

02 қазан 2022
ПФ: Құттықтаймыз! Жеңілатлетикалық жарыс

Қазанның 1-і М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың 85-жылдығына арналған "Жылдам, Жоғары, Күшті - Бірге!" атты жеңілатлетикалық жарыста  факультеттің ПОҚ әрі қарай оқу

02 қазан 2022
ПФ: Сырбай Мәуленовтың 100 жылдығына арналған бейнебаяндар байқауы

30 қыркүйекте Педагогика факультетінде студент жастар арасында ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Сырбай Мәуленовтің туғанына 100 жыл толуына арналған әрі қарай оқу

02 қазан 2022
ПФ: «Ел болашағына стратегиялық инвестициялар» атты кездесу

Педагогикалық факультетте  ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Гүлденген қоғам» атты Қазақстан халқына арналға әрі қарай оқу

28 қыркүйек 2022
ТжӘИ: Поэтикалық баттл жарияланады!

2022 жылдың 21 қыркүйегінде ТжӘИ Тілдер апталығы аясында М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың 85 жылдық мерейтойына арналған поэтикалық батл өткізіледі. Батл& әрі қарай оқу

20 қыркүйек 2022
МЖҒФ: Құттықтаймыз !!!

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін 2018-2021 жылдары "6D060900 – География" мамандығы бойынша мақсатты докторантура оқуын сәтті тәмам әрі қарай оқу

14 қыркүйек 2022
ТжӘИ: Мерейтой иесін құттықтаймыз!

Биыл филология ғылымдарының кандидаты, "Герман-роман филологиясы" кафедрасының профессоры Тетюхин Евгений Петрович өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өт әрі қарай оқу

02 қыркүйек 2022
ТЭҚФ: Добро пожаловать на ФИЭП!

День Знаний – главный праздник не только для первоклассников, школьников, а также для студентов, преподавателей, родителей! әрі қарай оқу

01 қыркүйек 2022
Барлығын оқу

Оқуға түсу шарттары

Докторантураға «магистр» академиялық дәрежесі және кемінде 9 (тоғыз) ай жұмыс өтілі бар немесе медициналық мамандықтар бойынша резидентурада оқуын аяқтаған тұлғалар қабылданады.

Докторантурада оқу мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша жүзеге асырылады. Бұдан басқа, докторантурада оқу ақылы негізде жүзеге асырылады:

1. Шетел азаматтары үшін.

2. Жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының, кәсіпорындар мен ұйымдардың өтінімдері бойынша.

3. Бейінді докторантурада және жұмыс берушілердің DBA өтінімдері бойынша.

Докторантураға қабылдау түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Түсу емтихандарын қайта тапсыруға жол берілмейді.

ЖЖОКБҰ докторантурасына өтініштерді қабылдау ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары және (немесе) ҰТО-ның ақпараттық жүйесі арқылы келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:

      1) күнтізбелік жылғы 3 шілдеден 3 тамызға дейін;

      2) күнтізбелік жылғы 5 қарашадан 18 қарашаға дейін.

Докторантураға білім беру бағдарламаларының тобы бойынша түсу емтихандары келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:

      1) күнтізбелік жылғы 4 тамыздан 20 тамызға дейін;

      2) күнтізбелік жылғы 19 қарашадан 11 желтоқсанға дейін.

Докторантураға қабылдау келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:

      1) күнтізбелік жылғы 15 тамыздан 28 тамызға дейін;

      2) күнтізбелік жылғы 26 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін.

Докторантураға түсу емтиханы компьютерлік форматта өткізіледі.

Докторантураның білім беру бағдарламаларының топтары бойынша компьютерлік форматтағы түсу емтиханы білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйымдарда өткізіледі.

Докторантураға түсу емтиханы компьютерлік форматта мыналардан тұрады:

1) эссе жазу;

2) докторантурада оқуға дайындығына тест;

3) білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптар;

4) оқуға түсушімен ЖЖОКБҰ-ның емтихан комиссиясы өткізетін әңгімелесу.

Қорытынды баға эссені бағалау, докторантурада оқуға дайындық тесті, білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауап нәтижелерін жинақтау арқылы алынған балдардың жиынтығын білдіреді. Докторантураға түсу үшін 100 балдық бағалау жүйесінің шкаласы кестеде келтірілген.

Тест түрлері Баллдар
Эссе 10
Оқуға түсушімен ЖЖОКБҰ-ның емтихан комиссиясы өткізетін әңгімелесу 20
Докторантураға оқуға дайындық тесті 30
Білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан 40
барлығы 100

Докторантураға компьютерлік форматта түсу емтиханына 4 сағат бөлінеді.

Докторантураға түсуші тұлғалар үшін әңгімелесу "Эссе жазу", "ОДТ" және "Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптар" блоктары бойынша түсу емтихандарын тапсырғанға дейін онлайн форматта жүзеге асырылады.

Докторантураның білім беру бағдарламаларына түсу үшін шет тілін меңгергенін растайтын сертификаттың болуы міндетті.

ЖЖОКБҰ-ға өтініші білдірген кезде жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
    • ағылшын тілі:
    • TOEFL ITP-кемінде 460 балл
    • TOEFL IBT-кемінде 46
    • TOEFL PBT-кемінде 453 балл
    • IELTS Academic-кемінде 5,5 балл
    • неміс тілі:
    • DSH-Niveau B2 / B2 деңгейі
    • TestDaF-Prufung-Niveau B2 / B2 деңгейі
    • француз тілі:
    • TFI - оқу және тыңдау секциялары бойынша B2 деңгейінен төмен емес
    • DELF-B2 деңгейі
    • DALF-B2 деңгейі
    • TCF - кемінде 50 балл

TOEFL ІTP (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnstіtutіonal Testіng Programm) сертификаты бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді тапсырады.

!!! Докторантураға құжат қабылдау мерзімі басталғанға дейін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін білу деңгейін растау мақсатында республиканың барлық қалаларында кез келген бес деңгей (А1-С1) бойынша сертификаттық тестілеуден өтуді ұсынамыз.
Маусым айында өтетін тестілеуге қатысу үшін өтінімді төмендегі сілтемеде ұсынылған сауалнаманы толтыру арқылы қалдырсаңыз болады: https://forms.gle/25uz2jjKnXCdUE6Q6
 

Мемлекеттік немесе ресми тілі ағылшын тілі болып табылатын елдерде шетелдік ЖЖОКБҰ – ны аяқтаған және экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастығына енгізілген шетелдік аккредиттеу органдарының мамандандырылған аккредиттеуі бар тұлғалар 5 жыл ішінде осы тармақта көрсетілген шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттарды ұсынбайды.

  • * соңғы күнтізбелік 3 жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар, зерттеулер жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар)
  • * 3x4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет
  • * кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған еңбек қызметін растайтын өзге де құжат
  • * электрондық форматта 075/е нысаны бойынша Медициналық анықтама
  • * картон папкасы және 8 файл (мультифор)

 *Құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылады.

Қабылдау шарттары

«Педагогикалық ғылымдар», «жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «инженерлік, өңдеуші және құрылыс салалары» білім беру салаларының, сондай-ақ «гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар», «Бизнес және басқару» кадрларын даярлау бағыттарының білім беру бағдарламалары топтарына түсуші адамдар GRE стандартталған тестін тапсырғаны туралы үлгі қағидаларға сәйкес балдары бар халықаралық сертификаты (грэдуэйт рекорд емтихан) болған кезде докторантураға түсу емтихандарынан босатылады.

Тұлғаларды докторантураға қабылдау шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат негізінде және докторантураның білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша түсу емтиханының қорытындысы бойынша ықтимал 100 балдан кемінде 75 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда докторантураға қабылдау кезінде білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша түсу емтиханының неғұрлым жоғары бағасы бар тұлғалар басым құқыққа ие болады.

Содан кейін эссе үшін баллдар, оқуға дайындық тесті үшін баллдар, білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келетін ғылыми жетістіктер ескеріледі:

*ғылыми жарияланымдар, оның ішінде соңғы 3 күнтізбелік жылдағы Clarivate Analytics компаниясының Web of science деректер базасының Journal Citation Reports деректері бойынша 1, 2 квартильге кіретін рейтингтік ғылыми басылымдарда; ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер;

*ғылыми стипендиялар, гранттар беру туралы сертификаттар;

*ғылыми конференциялар мен конкурстарға қатысқаны үшін грамоталар/дипломдар.

Докторантураға түсуші тұлғалардан апелляцияға өтініш апелляциялық комиссия төрағасының атына жеке немесе ҰТО ақпараттық жүйесі арқылы беріледі.

Өтініштер докторантураға түсу емтиханының, шығармашылық емтихандар мен КТ-ның нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және ЖЖОКБҰ-ның апелляциялық комиссиясы өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қарайды.


Докторантураға түсу сұрақтары бойынша мына мекен-жайға хабарласуға болады: Петропавл қаласы, Жұмабаев көшесі, 114, №6 оқу ғимараты, ауд. 118

Қабылдау комиссиясының телефоны:  8 (7152) 493037

Жұмыс тәртібі: 9.00 - ден 18.00-ге дейін, құжаттарды қабылдау кезеңінде-демалыссыз