Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Факультеттер жаңалықтары
F: "Тәуелсіздік—аманаты бабамның"

Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл, оқу ордамызға есімі берілген академик, ғалым, тарихшы Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың туғанына 90 жыл толу әрі қарай оқу

03 наурыз 2022
АФ: Тезірек, биік, мықты - бірге

"Тезірек, биік, мықты - бірге" ұранымен бүгін М. Қозыбаев атындағы СҚУ - дың 85 жылдығына орай жаппай жеңіл атлетикалық жүгіру жарысы өтті. Жарысқа оқ әрі қарай оқу

02 қазан 2022
АФ: Тұрақты ауыл шаруашылығы және цифрлық трансформация жағдайында білім беру

2022 жылғы 26-27 қыркүйекте Logo e.V қауымдастығының (Германия) бастамасымен Kozybaev University-де «Тұрақты ауыл шаруашылығы және цифрлық транс әрі қарай оқу

02 қазан 2022
ПФ: Құттықтаймыз! Жеңілатлетикалық жарыс

Қазанның 1-і М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың 85-жылдығына арналған "Жылдам, Жоғары, Күшті - Бірге!" атты жеңілатлетикалық жарыста  факультеттің ПОҚ әрі қарай оқу

02 қазан 2022
ПФ: Сырбай Мәуленовтың 100 жылдығына арналған бейнебаяндар байқауы

30 қыркүйекте Педагогика факультетінде студент жастар арасында ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Сырбай Мәуленовтің туғанына 100 жыл толуына арналған әрі қарай оқу

02 қазан 2022
ПФ: «Ел болашағына стратегиялық инвестициялар» атты кездесу

Педагогикалық факультетте  ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Гүлденген қоғам» атты Қазақстан халқына арналға әрі қарай оқу

28 қыркүйек 2022
ТжӘИ: Поэтикалық баттл жарияланады!

2022 жылдың 21 қыркүйегінде ТжӘИ Тілдер апталығы аясында М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың 85 жылдық мерейтойына арналған поэтикалық батл өткізіледі. Батл& әрі қарай оқу

20 қыркүйек 2022
МЖҒФ: Құттықтаймыз !!!

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін 2018-2021 жылдары "6D060900 – География" мамандығы бойынша мақсатты докторантура оқуын сәтті тәмам әрі қарай оқу

14 қыркүйек 2022
ТжӘИ: Мерейтой иесін құттықтаймыз!

Биыл филология ғылымдарының кандидаты, "Герман-роман филологиясы" кафедрасының профессоры Тетюхин Евгений Петрович өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өт әрі қарай оқу

02 қыркүйек 2022
ТЭҚФ: Добро пожаловать на ФИЭП!

День Знаний – главный праздник не только для первоклассников, школьников, а также для студентов, преподавателей, родителей! әрі қарай оқу

01 қыркүйек 2022
Барлығын оқу

Оқуға түсу шарттары

КТ-ге қатысу үшін өтініштерді қабылдау келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:
1) күнтізбелік жылғы 10 маусымнан 15 шілдеге дейін;
2) күнтізбелік жылғы 1 қарашадан 18 қарашаға дейін.

Магистратураға кешенді тестілеу 20 шілдеде басталып, 20 тамызға дейін жалғасады. Шығармашылық емтихандар 16-25 шілде аралығында ЖОО-да өтеді.

КТ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындайтын КТ өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы өткізеді. КТ нәтижелері бойынша тестіленушінің жеке кабинеті арқылы электрондық сертификат беріледі, ол ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында расталады.

Магистратураға қабылдау келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:

      1) күнтізбелік жылғы 15 тамыздан 28 тамызға дейін;

      2) күнтізбелік жылғы 26 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін.

Магистратураның білім беру бағдарламаларына түсу үшін халықаралық сертификаттарды ұсынуға немесе кешенді тестілеу (КТ) барысында шет тілі бойынша тест тапсыруға болады.

Магистратураға түсуші тұлғалар 25-28 тамыз аралығында ЖОО-ға қабылдау комиссиясы немесе  арқылы құжаттар пакетін ұсынады.

Қабылдау комиссиясы арқылы жүгінген кезде берілетін құжаттар пакеті:

1. Басқарма Төрағасы – Ректор  басшысының атына еркін нысандағы өтініш;

2. жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа);

3. интернатураны бітіргені туралы куәлік (резидентураға түсу үшін);

4. жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

5. 3x4 сантиметр көлеміндегі сегіз фотосурет;

6. электрондық форматта 075/е нысаны бойынша Медициналық анықтама;

7. еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);

8. ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (болған жағдайда);

9. шет тілі (ағылшын, неміс, француз) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат):

ағылшын тілі:

* TOEFL ITP-543 балдан кем емес

* TOEFL IBT-кемінде 60

* TOEFL PBT-кемінде 498 балл

* IELTS - кемінде 6,0 балл

* IELTS INDICATOR-кемінде 6,0 балл

неміс тілі:

* DSH-Niveau С1/С1 деңгейі

* TestDaF-Prufung-Niveau С1 / С1 деңгейі 

француз тілі:

* TFI - оқу және тыңдау секциялары бойынша B1 деңгейінен төмен емес 

* DELF-В2 деңгейі 

* DALF-С1 деңгейі 

* TCF-кемінде 50 балл

Жоғарыда аталған шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаты бар тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік немесе ресми тілі ағылшын тілі болып табылатын елдерде шетелдік ЖЖОКБҰ-ны аяқтаған және мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастығына енгізілген шетелдік аккредиттеу органдарының мамандандырылған аккредиттеуі бар тұлғалар – экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) мүшелері 5 жыл ішінде магистратураға КТ-ның шет тілі бойынша тестінен босатылады. Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін өтініш берген кезде, сондай-ақ ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде қабылданған кезде 50 балл есептеледі.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың көшірмелерімен бірге олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін құжаттардың түпнұсқалары қайтарылады.

Құжаттар тізбесі толық ұсынылмаған жағдайда қабылдау комиссиясы оқуға түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.

Білім беру салаларының білім беру бағдарламалары топтарына магистратураға түсуші тұлғалар:

  • Педагогикалық ғылымдар
  • Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
  • Гуманитарлық ғылымдар
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Бизнес және басқару

Graduate Record Examinations (грэдуэйт рекорд емтихан) стандартталған тестін тапсырғаны туралы Үлгі ереженің 2-қосымшасына сәйкес балдары бар, қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде оқыған, Үлгі ереженің 3-қосымшасына сәйкес балдары бар GRE халықаралық сертификаты болған жағдайда қазақ немесе орыс тілінде оқытатын магистратураға КТ-дан босатылады.

Үлгілік қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес баллдары бар Graduate Management Admission Test (грэдуэйт мэнэджмент адмишен тест) стандартталған тестін тапсырғаны туралы халықаралық сертификаты болған кезде "Бизнес және басқару" кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары топтарына магистратураға түсуші тұлғалар Оқыту қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде магистратураға КТ-дан босатылады.

Магистратураға ақылы негізде қабылдау КТ қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.

Магистратура

Оқуға қабылдау үшін шекті балл

Шет тілі бойынша шекті балл

ББ тобының бейіні бойынша тест үшін шекті балл 

По тесту на определение готовности к обучению 
бір дұрыс жауапты таңдаумен тапсырмалар үшін бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаумен тапсырмалар үшін
научно-педагогическая магистратура с казахским или русским языком обучения (КТ по 150-балльной шкале) 75 баллдан кем емес  25 баллдан кем емес   7 баллдан кем емес  7 баллдан кем емес  7 баллдан кем емес
профильная магистратура с казахским или русским языком обучения (КТ по 100-балльной шкале) 50 баллдан кем емес  7 баллдан кем емес  7 баллдан кем емес 7 баллдан кем емес
профильная магистратура с английским языком обучения (КТ по 100-балльной шкале) 50 баллдан кем емес  7 баллдан кем емес  7 баллдан кем емес  7 баллдан кем емес
      Екі шығармашылық емтихан бойынша шекті балл  
шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша (КТ және шығармашылық емтихандар)шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша (КТ және шығармашылық емтихандар)
75 баллдан кем емес 25 баллдан кем емес 7 баллдан кем емес 7 баллдан кем емес 7 баллдан кем емес

Магистратураға түсу сұрақтары бойынша мына мекен-жайға хабарласуға болады: Петропавл қаласы, Жұмабаев көшесі, 114, №6 оқу ғимараты, ауд. 118

Қабылдау комиссиясының телефоны: 8 (7152) 493037

Жұмыс тәртібі: 9.00 - ден 18.00-ге дейін, құжаттарды қабылдау кезеңінде-демалыссыз