Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Факультеттер жаңалықтары
F: "Тәуелсіздік—аманаты бабамның"

Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл, оқу ордамызға есімі берілген академик, ғалым, тарихшы Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың туғанына 90 жыл толу әрі қарай оқу

03 наурыз 2022
АФ: Тезірек, биік, мықты - бірге

"Тезірек, биік, мықты - бірге" ұранымен бүгін М. Қозыбаев атындағы СҚУ - дың 85 жылдығына орай жаппай жеңіл атлетикалық жүгіру жарысы өтті. Жарысқа оқ әрі қарай оқу

02 қазан 2022
АФ: Тұрақты ауыл шаруашылығы және цифрлық трансформация жағдайында білім беру

2022 жылғы 26-27 қыркүйекте Logo e.V қауымдастығының (Германия) бастамасымен Kozybaev University-де «Тұрақты ауыл шаруашылығы және цифрлық транс әрі қарай оқу

02 қазан 2022
ПФ: Құттықтаймыз! Жеңілатлетикалық жарыс

Қазанның 1-і М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың 85-жылдығына арналған "Жылдам, Жоғары, Күшті - Бірге!" атты жеңілатлетикалық жарыста  факультеттің ПОҚ әрі қарай оқу

02 қазан 2022
ПФ: Сырбай Мәуленовтың 100 жылдығына арналған бейнебаяндар байқауы

30 қыркүйекте Педагогика факультетінде студент жастар арасында ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Сырбай Мәуленовтің туғанына 100 жыл толуына арналған әрі қарай оқу

02 қазан 2022
ПФ: «Ел болашағына стратегиялық инвестициялар» атты кездесу

Педагогикалық факультетте  ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Гүлденген қоғам» атты Қазақстан халқына арналға әрі қарай оқу

28 қыркүйек 2022
ТжӘИ: Поэтикалық баттл жарияланады!

2022 жылдың 21 қыркүйегінде ТжӘИ Тілдер апталығы аясында М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың 85 жылдық мерейтойына арналған поэтикалық батл өткізіледі. Батл& әрі қарай оқу

20 қыркүйек 2022
МЖҒФ: Құттықтаймыз !!!

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін 2018-2021 жылдары "6D060900 – География" мамандығы бойынша мақсатты докторантура оқуын сәтті тәмам әрі қарай оқу

14 қыркүйек 2022
ТжӘИ: Мерейтой иесін құттықтаймыз!

Биыл филология ғылымдарының кандидаты, "Герман-роман филологиясы" кафедрасының профессоры Тетюхин Евгений Петрович өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өт әрі қарай оқу

02 қыркүйек 2022
ТЭҚФ: Добро пожаловать на ФИЭП!

День Знаний – главный праздник не только для первоклассников, школьников, а также для студентов, преподавателей, родителей! әрі қарай оқу

01 қыркүйек 2022
Барлығын оқу

М. Қозыбаев атындағы СҚУ Жастар істері жөніндегі комитеті

 Біз Вконтактеда   Біз Instagramда

Жастар ісі жөніндегі комитет туралы ереже

М. Қозыбаев атындағы СҚУ Жастар істері жөніндегі комитеті (ЖІК) заңды тұлға құрмай студенттік өзін-өзі басқару нысаны болып табылады және білім алушылардың білім беру процесін басқаруға қатысу құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету, студент жастардың тыныс-тіршілігі мәселелерін шешу, оның әлеуметтік белсенділігін дамыту, әлеуметтік бастамаларды қолдау және іске асыру мақсатында өз қызметін жүзеге асырады.

Жастар ісі жөніндегі Комитет қызметінің мақсаттары мен міндеттері:

Жастар ісі жөніндегі Комитет қызметінің мақсаты:

  • білім алушылардың ЖОО-ны басқаруға қатысу құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету, білім алушыларды әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу;

Жастар ісі жөніндегі комитеттің міндеттері:

  • білім алушыларда өзін-өзі басқару біліктері мен дағдыларын қалыптастыру, оларды қоғам өміріне құзыретті және жауапты қатысуға дайындау;
  • азаматтық мәдениетті, білім алушылардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, олардың әлеуметтік жетілуіне, дербестігіне, өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі дамыту қабілетіне жәрдемдесу;
  • білім алушылардың жеке және кәсіби қасиеттерін іске асыруға жәрдемдесу;
  • білім алушылардың ғылыми және кәсіби мүдделерін ескере отырып, білім беру процесінің сапасын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысуға білім алушыларды тарту;
  • салауатты өмір салтын насихаттау, студенттердің бос уақытын және тұрмысын ұйымдастыру бойынша әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруда университеттің басқару органдарына көмек көрсету;
  • білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және ұсыну;
  • тұлғаның зияткерлік, мәдени және адамгершілік дамуындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру;
  • ЖОО-ның құрылымдық бөлімшелеріне оқудан тыс процесс шеңберінде өткізілетін іс-шараларға жәрдемдесу;
  • студенттердің бос уақытын ұйымдастыру, студенттік активтің жан-жақты дамуына ықпал ету;
  • университетте Мәдени-бұқаралық және бос уақыт іс-шараларын дайындау және өткізу;
  • студенттік іс-шаралар мен конкурстардың дәстүрлерін сақтау және көбейту;
  • білім алушылардың санасын және олардың өз білім деңгейіне талап етуін арттыруға бағытталған жұмыстарды жүргізу, мүліктік кешенге ұқыпты қарауға, университеттің рухы мен дәстүрлеріне патриоттық қарауға тәрбиелеу;
  • студенттік мәдениеттің деңгейін, оның ішінде құқықтық, спорттық және ерікті қасиеттерді анықтау және дамыту деңгейін арттыру;
  • дарынды жастарды, магистранттар мен студенттердің шығармашылық әлеуетін анықтау;
  • университет қызметі туралы студенттерді ақпараттандыру;
  • қоғамдық маңызы бар жастар бастамаларын жүзеге асыруға ықпал ету.

Университеттің Жастар ісі жөніндегі комитетінің жұмысына жалпы басшылықты төраға жүзеге асырады.

Жастар ісі жөніндегі комитеттің құрылымы:

  • Университеттің Жастар ісі жөніндегі комитетінің департаменттері;
  • Институт/факультет Жастар ісі жөніндегі комитеті.

Университеттің Жастар ісі жөніндегі комитеті университет комитетінің төрағасынан, Комитет департаменттерінің директорларынан, институт/факультеттер комитеттерінің төрағаларынан тұрады.

Институттың/факультеттің Жастар ісі жөніндегі комитеті институт/факультет комитетінің төрағасынан, еріктілерден және белсенділерден тұрады.

Университеттің Жастар ісі жөніндегі комитетінің департаменттері:

  • Комплаенс және тренинг-менеджмент департаменті оқу процесін зерделеумен және талдаумен айналысады, тренингтер мен семинарлар ұйымдастырады;
  • Медиа және коммуникациялар департаменті Білім алушыларды университетте жүзеге асырылып жатқан түрлі халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық бағдарламалар мен жобалар туралы хабардар етумен айналысады;
  • Event-Менеджмент департаменті университетте, институтта/факультеттерде, жатақханаларда өтетін Студенттік іс-шараларды ұйымдастырады, спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға жауап береді;
  • HR және волонтерлік департаменті Волонтерлік қозғалыстың қызметін үйлестіреді, волонтерлік қызметтің әрбір саласының іс-шараларына қатысады.

Студенттік өзін-өзі басқарудың мақсаты студенттерді университетті басқаруға тарту ғана емес, сонымен бірге ондағы өмірді ұйымдастыру болып табылады. Ол үшін факультеттерде іс-шараларды жоспарлау және іске асыру бойынша университеттің Жастар ісі жөніндегі Комитетінің отырыстары үнемі өткізіліп тұрады. Жастар ісі жөніндегі комитеттің белсенділерімен дөңгелек үстелдер мен кездесулер өткізіледі.

Байланыстарымыз:

Біз ауд. 310, ОК № 4

Біздің электрондық поштамыз: kdmnkzu@mail.ru