"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

6B04109 Маркетинг және нарықтық талдау

Білім беру бағдарламасының паспорты
Тарих, экономика және құқық факультеті (ТЭҚФ)
Кафедра: Экономика, есеп және қаржы (ЭЕжҚ)
6B04 6B1
Білім беру саласының коды және жіктелуі
6B04 Бизнес, басқару және құқық
Дайындық бағытының коды мен жіктелуі
6B041 Бизнес және басқару
Білім беру бағдарламаларының тобы
В047 Маркетинг және жарнама
Білім беру бағдарламасының атауы
6B04109 Маркетинг және нарықтық талдау
Білім беру бағдарламасының түрі
Негізгі
Білім деңгей
Бакалавриат (Жоғары)
Берілетін дәреже
бизнес және басқару бакалавры
Оқыту тілі
Ағылшын, Қазақ, Орыс
Кредиттер/сағаттар көлемі (кем емес)
279 / 8370
Оқу түрі
ҚББТ қолданусыз күндізгі
Оқу кезеңі
Жалпы орта білімі бар бакалавриат студенттерінің оқу мерзімі бүкіл оқу кезеңінде кемінде 279 кредит және оқу жылы үшін кемінде 60 кредитпен айқындалады…
Кәсіби қызмет объектілері
Меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорындар (ұйымдар мен кәсіпорындардың экономикалық, қаржылық, маркетингтік, коммерциялық, өндірістік-экономикалық және талдамалық қызметтері олардың түріне, меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан).

1. Маркетинг қызметін ұйымдастыру, экономика және басқару саласында іргелі білімге ие және өмір бойы үздіксіз өзін-өзі оқытуға қабілетті.
2. Ұйымның коммерциялық (маркетингтік, логистикалық және т.б.) және қаржылық-өндірістік қызметі аясында процестер мен қойылған мақсаттарды тиімді орындау үшін конструктивті өзара әрекеттесуге және шешім қабылдауға қабілетті.
3. Заманауи компьютерлік технологияларды барынша тиімді қолдана отырып, өмірлік маңызды міндеттерді шешу үшін бизнесті және маркетингтік кешенді жоспарлау мен ұйымдастыруда цифрлық құзыреттілікті көрсетеді.
4. Ұйымдардың қаржылық-өндірістік және коммерциялық (маркетингтік, логистикалық және т.б.) қызметінде креативтілік, шығармашылық көзқарас және әлеуметтік белсенділік арқылы инновациялық бизнес-процестерді қалыптастырады.
5. Тілдік дағдыларды (тыңдалым, оқылым, айтылым және жазылым) пайдалана отырып, әртүрлі тілдік ортада коммуникациялық процестерді құрады және өндірістік әрі коммерциялық ортада төзімділік пен тарихи-мәдени мұраға құрмет көрсетеді.
6. Ұйым персоналының өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасайды.
7. Ұйымның коммерциялық (маркетингтік, логистикалық және т.б.) және қаржылық-өндірістік қызметінде тұрақты даму идеяларын қалыптастыру құзыреттеріне ие және персоналды ресурстарды ұтымды пайдалану процесіне тартады.

Маркетинг, басқару және бизнес саласында негізгі және кәсіби құзыреттерге ие, сондай-ақ экономиканың әртүрлі секторларында кәсіби міндеттерді шешуге қабілетті, кәсіби өсу мен мобильділікке бейім жоғары білімді тұлғаны қалыптастыру.

Кәсіптер тізімі: Маркетинг талдаушысы, Маркетинг маманы; Маркетолог; Жобалар менеджері; Салалар мен қызмет бағыттары бойынша менеджер, Аға экономист, Экономист (жалпы профиль)

Қызмет түрлері: 70. Бас компаниялардың қызметі; басқару мәселелері бойынша консультация беру 70.2 Басқару мәселелері бойынша консультациялық қызмет 70.22 Коммерциялық қызмет және басқару мәселелері бойынша өзге де консультациялар 70.22.1 Коммерциялық қызмет және басқару мәселелері бойынша консультация беру, 73. Жарнама қызметі және нарық конъюнктурасын зерттеу 73.1 Жарнама қызметі 73.11 Жарнама агенттіктерінің қызметі 73.2 Нарық конъюнктурасын зерттеу және қоғамдық пікірді зерделеу 73.20 Нарық конъюнктурасын зерттеу және қоғамдық пікірді зерделеу

Объектілер: Меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорындар (ұйымдар мен кәсіпорындардың экономикалық, қаржылық, маркетингтік, коммерциялық, өндірістік-экономикалық және талдамалық қызметтері олардың түріне, меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан).