Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Факультеттер жаңалықтары
ТЭҚФ: День национальной одежды

День национальной одежды әрі қарай оқу

18 наурыз 2025
ТЭҚФ: 100-летие Е.А.Букетова

100-летие Е.А.Букетова әрі қарай оқу

18 наурыз 2025
ТЭҚФ: Көрісу күні құтты болсын!

Тарих, экономика және құқық факультетінде Көрісу күні мерекесі өтті әрі қарай оқу

14 наурыз 2025
ТЭҚФ: Открытие Open Historical library

Бүгін тарихи кітапхананың ашылу салтанаты өтті әрі қарай оқу

14 наурыз 2025
ТЭҚФ: Студенты ФИЭП приняли участие в национальной игре «Бөрік теппек»

Студенты ФИЭП приняли участие в национальной игре «Бөрік теппек» әрі қарай оқу

14 наурыз 2025
ТЭҚФ: ТЭжҚФ-де «MISS TEACHER» байқауы өтті

2025 жылдың 6 наурызында «Журналистика және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Мiss TEACHE әрі қарай оқу

06 наурыз 2025
ТЭҚФ: ТЭжҚФ-те Петропавл гарнизоны әскери прокуратурасының бұрышы ашылды

2025 жылғы 5 наурызда М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің кітапханасында Петропавл гарнизоны әскери прокуратурасының ақпараттық б әрі қарай оқу

06 наурыз 2025
МФ: Мәңгілік ел - менің елім!

Алғыс айту күнін тойлау соңында 28.02.2025 жылғы ОЗК-дағы медицина факультеті «Мәңгілік ел - менің елім!» квестін ұйымдастырды, Квестке фа әрі қарай оқу

28 ақпан 2025
МФ: Check out - Өзіңізді тексеріңіз!

28.02.2025 жылы № 2 ҚК-де Алғыс айту күніне орайластырылған «Клиникалық пәндер» кафедрасының оқытушылары В.Н.Мальвенов, М.И.Әлиева және 7 әрі қарай оқу

28 ақпан 2025
Барлығын оқу

Магистратура

«Магистратура - сәйкес мамандық бойынша "магистр" академиялық дәрежесін бере отырып, ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламасы.
Магистр – жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін академиялық дәреже».

Қазақстан Республикасының Заңы «Білім туралы» 

 

Магистратураның білім беру бағдарламалары (толық тізім)

2024-2025 оқу жылына қабылдау бойынша магистратураның білім беру бағдарламалары

Университет мемлекеттік білім гранттары (тапсырыс) және төлемақы негізінде білім беру қызметтерін көрсетеді.

Университетке түсу үрдісі «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалар» реттелген.

Магистратурада кадрларды дайындау екі бағыт бойынша жүзеге асырылады:

  • бейінді оқу мерзімі –  1-1,5 жыл.
  • ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша оқу мерзімі – 2 жыл.

Бейінді  магистратура терең кәсіби дайындықты меңгерген экономика, медицина, құқық, өнер, бизнес және қызмет көрсету салаларының кадрларын дайындайтын жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Бейінді магистратураның білім беру бағдарламаларына оқытудың қолданбалы сипаты тән, олар кәсіби менеджерлерді дайындауды қамтамасыз етуге (басқару қызметінің барлық аспектілері бойынша жалпы бейіннің жетекшілері) және басқару дағдыларын дамытуға бағытталған.

Бейінді бағыттың міндеттері:

  • барлық белсенді тіршілік әрекеті бойы өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жетілдіруге,  өздігінен жаңа білімді шығармашылық меңгеру қабілетін қалыптастыру;
  • кәсіби мәдениеттің жоғары деңгейі бар мамандарды даярлау;
  • ұйымдастыру дағдыларын үйрену және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Ғылыми және педагогикалық магистратура терең ғылыми-педагогикалық дайындықты меңгерген жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылыми-зерттеу секторларына арналған кадрларды дайындайтын жоғары оқу орнынан кейінгі  білім бағдарламаларын жүзеге асырады.

Ғылыми-педагогикалық бағыттың міндеттері:

  • ғылым мен педагогикалық қызметтің таңдалған бағытында терең теориялық және  практикалық дайындық;
  • қазіргі ғылыми және практикалық  мәселелерді шешетін, әрі оны қалыптастыруға қабілеті, азаматтық ұстанымы, кәсіби мәдениеттің жоғары деңгейі, соның ішінде кәсіби қарым-қатынас мәдениеті бар мамандарды даярлау;
  • жоғары оқу орындарында дәріс беру, зерттеу және басқару қызметін сәтті жүзеге асыру; жоғары оқу орны педагогикасы мен психологиясы саласында, сондай-ақ жоғары оқу орнында оқыту тәжірибесіне қажетті білім жинақтау.