М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің тарихы Қазақстан Республикасы тарихымен, оның мәдениетімен, білім беруімен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасы алғашқы жоғары оқу орындарының бірі ретінде оның дамуы мен қалыптасу тарихындағы төмендегідей кезеңдерді ерекше атауға болады: | |
1937 жыл | Аймақтағы білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерінің алғышарты болып табылған Қазақ КСР кеңестік халық комиссариятының 1937 жылдың 19 наурызындағы жарлығы негізінде Петропавл мұғалімдер институтының ашылуы. Қазақ КСР Халық ағарту комиссариятының 1937 жылдың 25 шілдесіндегі № 835 бұйрығына сәйкес, 1937 жылдың 1 қыркүйегінде төмендегідей екі факультетте оқу басталды: жаратылыстану-жағрапия және тарих. |
1938 жыл | Петропавл мұғалімдер институтында сырттай оқу бөлімінің ашылуы. |
1939 жыл | Петропавл мұғалімдер институтына мемлекеттік мәртебе берілді. |
1945 жыл | Петропавл мемлекеттік институтына ХІХ ғасырдың ұлы ұстазы К.Д. Ушинскийдің аты берілді. |
1948 жыл | Петропавл мемлекеттік мұғалімдер институтының ұйымдастырушылық құрылымының өзгеруі – физика-математикалық факультетінің ашылуы. |
1955 жыл | Петропавл мемлекеттік мұғалімдер институтының Петропавл педагогикалық институты болып қайта құрылуы. |
1978 жыл | Орал политехникалық институты Петропавл жалпы техникалық факультетінің Еңбек Қызыл Ту ордені Қарағанды политехникалық институтының кешкі және сырттай оқыту үлгісіндей жалпы техникалық факультеті болып қайта құрылуы. |
1982 жыл | Қарағанды политехникалық институты Петропавл филиалының ашылуы. Петропавл филиалында төмендегідей екі факультет құрылды: машина жасау және жалпы техникалық. |
1994 жыл | Қарағанды политехникалық институты Петропавл филиалы негізінде Жоғары Техникалық колледж ашылды. |
1994 жыл | Петропавл педагогикалық институты негізінде Солтүстік Қазақстан университетінің ашылуы. |
1996 жыл | Солтүстік Қазақстан университеті мен Жоғары Техникалық колледждің Солтүстік Қазақстан университеті біртұтас жоғары оқу орны болып қосылуы. |
1998 жыл | Әскери кафедраның ашылуы. |
2001 жыл | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылы 31 қаңтардағы № 163 жарлығымен Солтүстік Қазақстан университетіне мемлекеттік жоғары оқу орны мәртебесі берілді. Мемлекеттік аккредитациядан табысты өтуі. |
2003 жыл | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылы 30 мамырындағы № 497 жарлығымен Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне академик Манаш Қозыбаевтың аты берілді. |
2005 жыл | ЖОО-ның сапа менеджменті жүйесінің ИСО 9001: 2000 талаптарына сәйкестігін сертификатталуы орындалды. |
2007 жыл | Көп салалы колледждің ашылуы. |
2008 жыл | Университет қызметіне стратегиялық жоспарлау элементтерінің енгізілуі, университет миссиясының әзірленуі және қабылдануы. |
2009 жыл | Жүзу бассейнінің ашылуы. ҚР білім туралы заңнамасының талаптары мен лицензиялық ережелерінің сақталуына жоспардан тыс тексерістен табысты өтуі. Wap-порталдың іске қосылуы. |
2010 жыл |
Университет институционалдық сертификациядан өтті. |
2011 жыл |
4 докторантура (РhD) және 5 магистратура мамандықтарының ашылуы. |
2012 жыл |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылуы. |
2013 жыл |
Жаңа үш бакалавриат мамандықтарының ашылуы. |
2014 жыл |
Университеттің ғылыми және ғылыми зерттеу орталықтары мен зертханалары негізінде ғылыми-технологиялық саябақтың құрылуы. |
2015 жыл |
ASIIN неміс агенттігінде бес мамандық бойынша аккредиттеуден өтуі. |
2016 жыл | Ұйымдық құрылымды реформалау. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру институтын қайта құру. Foundation факультетін құру. Байқау кеңесін құру. |
2016 жыл | Сапа мен академиялық саясатты Ішкі қамтамасыз ету саясаты мен стандарттарын қабылдау. |
2017 жыл | АРТА-да 14 білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу. |
2017 жыл | Университеттің 80 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар кешенін өткізу. «Академиялық және басқару дербестігін кеңейту жағдайындағы қазіргі заманғы ЖОО-ның Академиялық саясаты» тақырыбында жоғары оқу орындарының басшыларымен республикалық семинар-кеңес өткізу. Білім беру бағдарламаларының 100% аккредиттеуі. |
2017 жыл | 6D071200 Машина жасау, 6D071900 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, 6D075100 Информатика, есептегіш техника және басқару білім беру бағдарламалары бойынша Диссертациялық кеңестің ашылуы. |
2017 жыл | Еуропалық университеттер қауымдастығына (EUA) кіру. |
2018 жыл | Инженерлік және сандық технологиялар факультетінің, математика және жаратылыстану ғылымдарының факультетінің, агротехнологиялық факультеттің, "Медицинаның жоғары мектебі" факультетінің құрылуы. |
Мансап және жұмыспен қамту орталығы мен "QYZYLJAR"студенттерге қызмет көрсету орталығының ашылуы. | |
ТМД Желілік университетіне кіру. | |
Бакалавриаттың 12 жаңа білім беру бағдарламасын, магистратураның 10 білім беру бағдарламасын, докторантураның 2 білім беру бағдарламасын ашу. | |
Академиялық адалдық лигасына кіру. | |
2019 жыл | 8 заманауи инновациялық зертхананың, Итальян тілі мен мәдениеті орталығының, Студенттер аллеясының ашылуы. |
Білім беру бағдарламалары бойынша Диссертациялық кеңестердің ашылуы 1. 6D071800 Электр энергетикасы, 6D071200 Машина жасау; 2. 6D071900 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, 6D075100 Информатика, есептегіш техника және басқару. | |
2020 жыл | 5 жаңа білім беру бағдарламаларының ашылуы. |
01.07.2020 ж. бастап «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылды (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік комитеті Төрағасының 2020 жылдың 25 мамырдағы №315 бұйрығы). | |
2021 жыл | Медиация орталығы, 1С сертификаттау орталығының ашылуы. |
Ұйымдық құрылымды өзгерту: әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебін, технология және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі құрылды. | |
ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Аризона Университеті және «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ арасындағы ынтымақтастық туралы үшжақты келісім жасасу. |
|
ARQA білім беру сапасын аккредиттеу және сараптау жөніндегі Тәуелсіз агенттікте 10 білім беру бағдарламасының мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтуі. |
|
2022 жыл | Жаңа оқу-зертханалық кешеннің ашылуы. |
«А/ш өсімдіктерді қоректендіру технологиясы» сертификаттау орталығының ашылуы. | |
Kozybayev University базасында тарих және археология бойынша институттардың 2 филиалы ашылды. | |
IELTS тапсыру орталығының ашылуы. | |
М. Қозыбаев атындағы СҚУ мұражайында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. | |
Университет 85-жылдық мерейтойын атап өтті. | |
2023 жыл |
MBA бағдарламасының іске қосылуы |
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қозыбаев университетіне барды |
|
5 білім беру бағдарламасы бойынша аккредиттеу рәсімін сәтті аяқтау |
|
Жібек жолының ауыл шаруашылығы білімі және ғылыми инновациялар альянсының қызметі шеңберінде Агрокомпетенциялардың бірлескен орталығын құру |
|
6B07107 Вагондарды жөндеу және қызмет көрсету, техникалық пайдалану атты бакалавриаттың жаңа білім беру бағдарламасының ашылуы |
|
8D07102 Органикалық заттардың химиялық технологиясы білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңестің ашылуы |
М. Қозыбаев атындағы СҚУ тарихы университеттің 70-жылдық және 75-жылдық мерейтойына шығарылған кітаптарда толығырақ ұсынылған.