Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

7M04101 Экономика

Факультет Тарих, экономика және құқық факультеті (ТЭҚФ)
Кафедра Экономика, есеп және қаржы (ЭЕжҚ)
Білім беру саласының коды және жіктелуі 7M04 Бизнес, басқару және құқық
Дайындық бағытының коды мен жіктелуі 7M041 Бизнес және басқару
Білім беру бағдарламаларының тобы М070 Экономика
Білім беру бағдарламасының атауы 7M04101 Экономика
Аккредиттеу Сертификат
Білім беру бағдарламасының түрі Негізгі
Білім беру бағдарламасы бойынша түлек моделі 1) Есеп және экономика, бизнес, ғылыми-педагогикалық қызметті ұйымдастыру саласында іргелі білімі бар; алынған зерттеу нәтижелерін дұрыс көрсете отырып, ғылыми зерттеу әдістерін қолдана отырып, экономикалық ғылымдар саласындағы зерттеулерді жоспарлайды және жүргізеді; оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ете отырып, жоғары оқу орындарында ғылыми зерттеу әдістемесі және арнайы пәндерді оқыту саласында құзыретті.
2) Ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі шеңберіндегі үдерістер мен алға қойылған мақсаттарды тиімді жүзеге асыру үшін конструктивті өзара әрекеттестік пен шешім қабылдауға қабілетті.
3) Шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Үнемді өндіріс (Lean Menedgment), Кайзен және т.б. теориясы негізінде өндірістік процестерді жобалауда құзыреттілігін көрсетеді.
4) Креативті, шығармашылық көзқарас пен конструктивті әлеуметтік белсенділік таныту арқылы кәсіпорындар мен мекемелердің өндірістік-шаруашылық қызметіндегі инновациялық бизнес-процестерді ұйымдастырады және бақылайды.
5) Мемлекеттік реттеу және стратегиялық талдау және жоспарлау әдістері негізінде кәсіпорынның, саланың және аймақтың тиімді жұмыс істеуі үшін жағдай жасайды;
тиімді басқару шешімдерін қабылдау мақсатында ұйымның және оның бөлімшелерінің өндірістік қызметі нәтижелерінің экономикалық көрсеткіштерін есепке алуды және талдауды жүзеге асырады.
6) Әртүрлі тілдік және мәдени ортада ғылыми қарым-қатынас процестерін құрады, өзінің кәсіби саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Білім беру бағдарламасының мақсаты Экономика саласындағы инновациялық міндеттерді шешуге қабілетті, ғылым, білім беру және басқару саласында түйінді және кәсіби құзыреттілікке ие жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды қалыптастыру
Білім деңгей Магистратура (Ғылыми-педагогикалық)
Берілетін дәреже экономика ғылымдарының магистрі
Кәсіптік қызмет саласы (ЭҚЖЖ бойынша секция) -
Кәсіптер тізімі -
Кәсіби қызмет түрлері -
Кәсіби қызмет объектілері Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар (олардың түріне, меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындардың экономикалық, қаржылық, маркетингтік, өндірістік-экономикалық және талдау қызметтері).
Бағдарламаның ерекшеліктері Академиялық алмасу бағдарламасы
Оқу түрі -
Оқу кезеңі Магистратурада оқу мерзімі игерілген академиялық кредиттердің көлемімен айқындалады, ғылыми-педагогикалық магистратура және МВА бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаудың негізгі критериі білім алушының магистранттың оқу және ғылыми қызметінің барлық түрлерін қоса алғанда, оқудың барлық кезеңінде кемінде 120 академиялық кредитті игеруі болып табылады.
Оқыту тілі -
Кредиттер/сағаттар көлемі (кем емес) 120/3600
Алдыңғы білім деңгейі -
Бағдарлама менеджері Шайкин Динмухаммед Нурланович
ББ Кәсіби стандарт/салалық
біліктілік шеңбері негізінде әзірленді
-
Қосымша ақпарат

Модульдік білім беру бағдарламасы (2020)

Білім беру бағдарламасын дамыту жоспары

Білім беру бағдарламасы жайлы пікір қалдыруыңызды сұраймыз