"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
дс.
сс.
ср.
бс.
жм.
сб.
жс.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31
Сөздәйектер галереясы

Өзінен бұрынғылар айтқан пікір, ғылыми қорытындыларын бүкпей де, бүркемей де әділ бағасын беру, дұрысын қолдап, терістігін сынай отырып іздену арқылы ғана ғылым ілгерілемек.

Қажым Жұмалиев
Факультеттер жаңалықтары
Барлығын оқу

Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау

20 шілде мен 30 шілде аралығында тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер қабылданады.

Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz. сайтында тіркелуге болады.

Тамыз айындағы ҰБТ шекті балл жинамаған талапкерлердің тестілеуден қайта өтуіне және ЖОО-ға ақылы негізде түсуіне мүмкіндік беру үшін өткізіледі. Тіркелу кезінде тестіленушілер емтихан өтетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.
Негізгі ҰБТ-ға қатысқан талапкерлер тамыз айындағы тестілеуде бейіндік пәндердің комбинациясын өзгерте алады.

Барлық бес ҰБТ қорытындысы бойынша шекті балл жинай алмайтын талапкерлер ЖОО-ға шартты түрде ақылы негізде қабылдана алады. Бұдан әрі олар қаңтар, наурыз, негізгі, тамыз айларында өтетін ҰБТ-2024-ке қатыса алады және ЖОО-да оқуын жалғастыру үшін қажетті шекті балл жинай алады.


20.07.2023 09:00