Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Қазақстанда алғаш рет университет базасында «CEVA SANTE ANIMALE» француз серіктестерімен бірлескен сертификаттау орталығы ашылмақ

«AVA QAZAQSTAN» Қазақстан Республикасына ауыл шаруашылығындағы жануарлар мен құстарға вакцина жеткізумен айналысады. Аталмыш фирма біздің елдегі – «CEVA SANTE ANIMALE» (Франция) компаниясының ресми дистрибьюторы болып табылады. Бұл француздық ветеринарлық фармацевтикалық компания мал мен құсқа арналған дәрі-дәрмектер мен вакциналарды зерттеуге, әзірлеуге, өндіруге және сатуға мамандандырылған. Оның өкілі Ферхат Бильтекин кездесуде: «Біз Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытуға ниеттіміз. Ал, Қозыбаев университетімен жобамыз дәл біздің технологияларды енгізумен байланысты. АҚШ, Ресей, Түркия, Еуропада сынды әлемнің түкпір-түкпірінде біздің өкілдеріміз бар. Компоненттердің әрқайсысы үшін біз халықаралық мамандарды тренингке тартатын боламыз», деп мәлімдеді.

Алдымен олар Агротехнологиялық факультеттің оқытушыларын жаттықтырушы ретінде дайындауды жоспарлап отыр, олар аймақтағы студенттер мен фермерлерге білім беру қызметін көрсете алады. Осы мақсатта университетте ауыл шаруашылығы жануарларын вакцинациялауды үйрету үшін сертификаттау орталығы ашылады. Мамандандырылған аудитория «айна кеңсесі» қағидаты бойынша жобланады және барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталады. Біздің студенттер мен оқытушылар үшін сертификаттар тегін берілетін болады.

Басқарма Төрағасы– Ректор Ерлан Шұланов: «Біздің университет түлектердің еңбек нарығында сұранысқа ие маман болуы үшін қажетті қаражат бөледі. Дипломнан басқа, олар жұмыс берушілер ұсынған халықаралық танылған компаниядан арнайы сертификат алады. Жергілікті студенттер, болашақ зоотехниктер, жануарларды вакцинациялаудың француз технологияларын меңгере алады. Демек, Солтүстік Қазақстан облысына осы сала жаңа серпіліс береді».

Бұл ауқымды жобаның бастауы Қозыбаев университеті мен серіктес компаниялар арасында үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға бағытталды.

Оқу орталығын ашу үшін әріптестеріміздің біздің университетті таңдауы кездейсоқ болған жоқ. Агротехнологиялық факультеттің білім беру бағдарламалары дәстүрлі түрде республикадағы 10 үздіктің қатарына кіреді. Прогрессивті ғылыми зерттеулер, оның ішінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранттары және Қытай, Ресей және басқа елдердің шетелдік серіктестерімен бірге жүргізілуде. АФ 750 студенттерінің 90% -дан астамы грантта оқиды, бұл студенттердің   жоғары білімдері мен ынталарының көрсеткіші.

Іс –шараға облыстағы ірі шаруа қожалықтарының белсенді ветеринарлары, технологтары мен мамандары қатысты. Олардың қатарды  «Мәмбетов және К» КС, «Қызылжар Сүт» ЖШС,  «Арқалық» ШҚ, сондай-ақ, ветеринарлық станция мен СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасы болды. Сонымен қатар, шара барысында халықаралық компаниялардың өкілдерімен және жергілікті ғалымдармен тәжірибе алмасу үшін университетте ұйымдастырылған диалог алаңында  ауыл шаруашылығы жануарларының жағдайын жақсарту тақырыбы да көтерілді.

26.08.2021