"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Нағыз білім, дененің шынайы мәдениеті сияқты, үйлесімділік пен оған деген ұмтылыс, бұл қол жеткізілген мақсатты сезіну және сонымен бірге алға жылжу ниеті

Герман Гессе

«Мектепке жол» акциясы

«Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық акциясы аясында Қозыбаев университетінің оқытушылары мен қызметкерлерінің балаларына мектепке қажетті барлық құралдар табысталды. Игі шара біздің ЖОО «Nur Otan» партиясының «Болашақ» филиалының қатысуымен бірнеше жыл қатарынан өткізіліп келеді. Демеушілердің арқасында рюкзактар мен дәптерлер, күнделік пен қаламдар, қарындаштар сатып алынды. Ата-аналар мен балалар қайырлы істеріне ризашылығын білдіріп, қуанышымен бөлісті. Акцияға бастауыш сыныбының оқушылары қатысты. Жаңа оқу жылында табыстар мен жетістіктер тілейміз! Балғындар болашақта біздің университетті таңдайды деп сенеміз!

31.08.2021