Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Магистратура мен докторантураға қабылдау ережелеріне өзгерістер енгізілді

Қазіргі таңда Қозыбаев университетінде 321 магистрант және 26 докторант бар. Магистратураның 211 білім алушысы мен барлық докторанттар ҚР білім беру грантына ие.

Биылғы оқу жылына қабылдау науқаны нәтижесінде 125 магистрант пен 7 докторант оқуға түсті. Әдетте, қабылдау науқаны жыл сайын тамыз айында өткізілетін еді. Алайда, бакалавриатты аяқтап,  магистратураға  құжаттарын уақытында тапсыра алмай қалған, шет тілін меңгергені туралы арнайы халықаралық деңгейдегі сертификаттарды ала алмаған немесе кешенді тестілеуден өтпеген, грантқа түсуге үлгермеген студенттер қатары бар. Осы жағдайларды ескере отырып, биылғы оқу жылынан бастап қабылдау науқаны жылына екі рет дәстүрлі түрде тамыз және желтоқсан айларында өткізіледі. Биыл ЖОО-ға докторантура бойынша білім беру бағдарламаларының 6 бөліміне 14 грант бөлініп, олардың 7-і игерілді. Құжаттарды қабылдау  қараша айынан басталады. Ұлттық тестілеу орталығы кешенді тестілеумен оқуға түсу емтихандарын желтоқсан айында жүргізбек.

Жалпы осы жылы  университетімізде 155 магистрант пен 22 доктарант оқуларын тәмамдады.

 

08.09.2021