Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Жатақханаларға мониторинг жүргізілді

Жыл сайынғы тесеру жұмыстарын «Jas Otan» жастар қанаты мен «Nur Otan» партиясы жанындағы құрылған «Жастар кеңесі» өкілдері бірлесіп өткізді. Олар оқу ордасының қызметкерлерімен бірге Қозыбаев университетіндегі студенттік жатақхананы тексерді.

Мониторинг жұмыстары студенттердің тұрмыстық жағдайын және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында жүргізіледі. Рейд барысында тексерушілер жатақханадағы жағдайды бақылады. Санитарлық-гигиеналық нормалары мен өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына баса назар аударды. Олар әр қабаттағы бөлмелердің, ас үйлердің және жуыну бөлмелерінің күйін көрді. Студенттердің тыныс-тіршілігімен танысып, сауалдарын тыңдап, әңгімелесті. Мониторинг жұмыстарының қорындысына сәйкес ешқандай заң бұзушылықтар анықталмай, комиссия мүшелеріне де студенттерден шағымдар түскен жоқ.

10.09.2021