Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Нұрсұлтан Назарбаев қорының шәкіртақы иегерлері анықталды

Конкурс нәтижесі бойынша Қозыбаев университетінің студенттеріне шәкіртақы тағайындалды. Байқауға еліміздің 350-ге жуық студенттерінен өтінім келіп түсті. Екі турдың қорытындысы бойынша 80  жеңімпаз анықталды. Ғылыми-зерттеу бағытында 45 қатысушы жүзден жүйрік атанды. Қатысушылардың қатарында оқу ордамыздың белсенділері ғылыми-зерттеу бағыты бойынша жеңіске жетті. Олар 4 курста білім алатын МЖҒФ студенті Элина Маликова мен ИСТФ студенті Евгения Боргуль.

Сонымен қатар, Элина Маликова СҒЗЖ Республикалық байқауының 2 орын иегері. Конкурс шартына сәйкес оқу ордамыздың білімгерлері ғылыми-зерттеу мақалалары мен дипломдарын ұсынды. Байқауға қатысушылар академиялық үлгерімі бойынша жоғары көрсеткіштері (үздік үлгерім) мен ЖОО-ның қоғамдық, ғылыми  іс-шараларына белсенді қатысуы бағаланды. Сайыстың мақсаты студенттердің  ғылыми және шығармашылық іс-әрекетін ынталандыру, Қазақстанның жас ғалымдарының  жоғары инновациялық деңгейі мен әлеуметтік маңызды ғылыми әзірлемелеріне қолдау көрсету болып табылады. Стипендия бір жылға тағайындалып, ай сайын төленеді. Аталмыш шәкіртақы қорын қосымша ретінде грантта, сондай-ақ, ақылы түрде оқып жатқан студенттердің иеленуіне мүмкіндік бар. Қордың гранттарын беру конкурстық іріктеу негізінде жүзеге асырылады.

13.09.2021