Дүниежүзілік тазалық күнінде Қозыбаев университетінің қызметкерлері мен студенттері қолдарына тырнауыш, күрек, сыпырғы алып, жаппай сенбілікке шықты. "World Clean up day" акциясы қоршаған ортаны қоқыстан тазарту және тұрақты түрде тазалықты сақтау үшін қоғамды бір топқа біріктіруге бағытталған азаматтық жоба. Дүниежүзілік тазалық науқаны жыл сайын қыркүйек айының үшінші сенбісінде өткізіледі.
Сенбілік аясында университеттің студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері оқу корпустары мен жатақханалар маңын жинады. Ең белсенділер қатарына математика мен жаратылыстану ғылымдары, инженерлік және сандық технологиялар, педагогикалық, агротехнологиялық факультеттері енді. Шараға барлығы 50-ге жуық адам қатысты. Олар бірігіп 300 келі қоқыс жинады. Бұл күні осындай шара әлемнің 180-ге жуық елінде өтті.