Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Ғалымдар Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық идеяларын талқылады

Басқарма Төрағасы - Ректор Ерлан Шұланов Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Шара ҚР БҒМ бірлесе Қостанайдағы Ахмет Байтұрсынов  атындағы университетінің базасында өтті. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен өткен іс-шарада жетекші әлемдік ғалымдар педагогикалық ғылымды дамытудың басым бағыттарын атап өтіп, Алтынсариннің идеялары мен тәрбиелік мұрасын заманауи педагогикада сақтаудың маңыздылығын қарастырды.

Конференция делегаттары Қостанай облысының бірқатар білім беру нысандарын да аралап шықты. Солардың бірі, 1947 жылы Манаш Қозыбаев  бітірген Меңдіқара атындағы педагогикалық училищесі. Ондағы мұражай экспозициясында құжаттар, тарихи зерттеулер бойынша еңбектері, Манаш Қабашұлының кітаптары қойылған. Қазақстанның екі ұлы ғалымы, ағартушысы, мұғалімі: Ы.Алтынсарин мен М.Қозыбаевтың жерлес екендігі мәлім. Олардың идеялары бүгінгі таңда өзекті және маңызды болып табылады, ал, ғылыми зерттеулер Қазақстанның педагогикалық және тарихи ғылымдарының тірегіне айналды.

www.kazinform.kz сайтынан фото

01.10.2021