Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Қозыбаев университетінде мерекелік концерт өтті

Халықаралық мұғалімдер күні мен қарттар күні қарсаңында оқу ордамызда мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Жыл сайын 100-ден астам мемлекет дүниежүзілік  ұстаздар күнін атап өтеді. Бұл барлық тәлімгерлер, оқытушылар мен жалпы білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Мерекелік шараны Басқарма Төрағасы – Ректор Ерлан Шұланов құттықтау сөзімен ашып, жиналған барша мұғалімдерге  денсаулық, сарқылмас қуат, жұмыстарында жеміс тіледі.

Жиын барысында ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай  оқытушылар құрамы Басқарма Төрағасы –Ректор атынан мақтау қағаздармен және алғыс хаттармен марапатталды.

«Ұстаз» ардақты, киелі, үлкен құрметке лайықты тұлға. Әр адамның жастайынан сауатын ашып, тәрбие беретін, білім кемесіне отырғызып, болашаққа жол көрсететін адам. Университетіміздің де тәжірибелі оқытушылары мен профессорлары барлық білімдері мен даналықтарын, қызығы мен шыжығы қатар жүретін педагогикалық жолды таңдаған студенттерге дарытуда. Барша профессорлық-оқытушылар құрамын студенттер мерекелік концертік  бағдарламалармен құттықтады.

01.10.2021