Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Тыңдайды және көмектеседі: Қозыбаев университетінің психологиялық қызметі

Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні жыл сайын 10 қазанда аталып өтеді. Біздің университетте студенттер мен қызметкерлердің психологиялық-эмоционалдық жағдайын Психологиялық қызмет бақылайды. Студенттер, оқытушылар мен қызметкерлер кез келеген сұрақтар бойынша осы орталыққа көмекке жүгіне алады.

Мұндай көмекке барлығы мұқтаж болуы мүмкін. Біздің университетте 7 мыңнан астам студент оқиды, алайда, олардың бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста, тіл табысып кетуі оңай болмайды.

Кеңсе дүйсенбіден жұмаға дейін №1 жатақханада жұмыс істейді. Орталықтың жұмысы жасырын түрде және қазақ мен орыс тілдерінде жүргізіледі. Көмек қақтығыстарды басқару, тұлғааралық қарым-қатынас, кәсіби деформация және дағдарыс жағдайлары саласындағы тәжірибелі мамандармен көрсетіледі. Бүгінде 1 курс студенттерімен, Foundatiоn  факультетінің студенттерімен белсенді жұмыс жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда олар үшін психологиялық бейімделу мәселесі өзекті.

Дегенмен, психолог мамандарына кәсіби мәселелермен ғана емес, жеке және отбасылық проблемалармен де жүгіне аласыз. Психологтың көмегі - бұл ең алдымен, әрбір  мәселелерге жанама көзқарас білдіріп, қақтығыстарды шешуге көмектесу. Сарапшылар атап өткендей, ұйқының бұзылуы, ең басты дағдарыстың туындауы,  кәсіби көмекке уақытында жүгінбеу болып табылады.

Сіз өзіңіздің психологиялық денсаулығыңызға қамқорлық жасай аласыз. Ол үшін №1 жатақханасындағы 103 кабинетіндегі білікті мамандардың қызметіне жүгініп, университеттің веб-сайтындағы Психологиялық қызметтің блогында немесе 49-30-35 телефонына хабарласуыңызға болады.

 

11.10.2021