Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Университет оқытушыларының жалақысы өсті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен ҚР Білім және ғылым министрлігі еліміздің жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының жалақысын айтарлықтай арттырды.

Жоғары білім беру сапасын арттырудың ең маңызды алғышарты - мұғалімдерді лайықты еңбекақымен қамтамасыз ету. Сондықтан, Білім және ғылым министрлігіне бағынатын жоғары оқу орындарының профессорлары үшін жалақының ең төменгі мөлшері 200 мың теңге болды.

Сонымен қатар, оқу жүктемесінің қалыпты көлемі анықталды. Жылына 680 сағаттан аспайды.

Қозыбаев университетінде педагогикалық ұжымның жалақысы жыл сайын өсіп келетінін атап өткен жөн. Мәселен, 2018 жылы кемінде 68 000 теңгеге, 2019 жылы - 90 000 теңгеге, 2020 жылы - 126 360 теңгеге тең болды. Сонымен, биылғы оқу жылының қыркүйегінен бастап жалақы мөлшері 200 000 теңгені құрап отыр.

Педагогикалық ұжым үшін жұмысқа деген ынтасы мен ғылыми ізденістерін одан әрі арттыратыны сөзсіз. «Жалақыны көтеру тәжірибесінің әрқашан жағымды тұстары көп болады, әсіресе, жас ғалымдар үшін. Жасыратыны жоқ, нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық басылымдарда мақалаларды жариялау қымбатқа түседі. Ал енді, егер бізде қосымша қаржылық қолдау болса, бұл зерттеулерді жүргізуге, мақалаларды шетелдік жариялымдарда жариялауға және әлемдік ғылыми қоғамдастықта Қозыбаев университетінің брендін ілгерілетуге қосымша ынталандыру болады», - дейді жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, PhD докторы Павел Петров.

11.10.2021