Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Университет студенттері ҚР Елтаңбасының авторымен кездесті

1992 жылы ресми түрде қабылданған Егеменді Қазақстанның Елтаңбасының авторларының бірі - белгілі сәулетші Жандарбек Мәлібеков. Елтаңба -  мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді. Сәулет өнерінің маманы ретінде мемлекеттік рәміздің маңызын түсіндіріп, білімгерлермен еркін әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, кездесуге қатысқан жастарға, сол кезде 245 жобаның ішінен таңдалып алынған елтаңбадағы әрбір символдың сырын ашып, мән-мағынасын түсіндіріп берді.

Айта кету керек, Жандарбек Мәлібеков Елтаңба авторы ғана емес, архитектура саласының майталманы, елордадағы көптеген сәулетті жобаларды жүзеге асыра білген маман иесі. Солардың ішінде ол «Нұр Астана» мешіті, «Астана Опера» театры, «Expo-2017» қалашығы мен жаңа Түркістан қаласының бас жоспарын жасаған.

Кездесу соңында Жандарбек Мәлібекұлына «Құрметті профессор» атағы берілді. Жиынға филология ғылымдарының докторы Серік Негимов пен ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институтының директоры Еркін Әбіл қатысты.

Қонақтар еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Жамбыл ауданында өткен «Солтүстік Қазақстан және Алаш» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына қатысты. Конференцияға отандық ғалымдар мен Ресей, Түркия және Қырғызстан елдерінің әдебиетші ғалымдары, белгілі қоғам қайраткерлері, тарихшылары мен университетіміздің  профессорлар  құрамы қатысты.

Олардың арасында М. Қозыбаев атындағы СҚУ профессоры, Зарқын Тайшыбай «Солтүстік Қазақстанның Алаш қайраткерлері» тақырыбы бойынша сөз қозғап, ғылымның ұзақ жылдар бойы табанды еңбек етуді қажет ететіндігін айтты. Жиын барысында құнды пікірлер айтылып, ғалымдар аса маңызды ғылыми жаңалықтармен бөлісті.

11.10.2021