Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді»

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында академик Манаш Қозыбаевтың 90 жылдығына арналған «Сөнбейді Манаш жұлдыз!» атты кітап көрмесінің ашылуы өтті.

Қазақстан тарихшыларының көшбасшысы бола білген, академик Манаш  Қозыбаев көзінің тірісінде-ақ, Қазақстан тарихының классигіне айналған тұлға. Тарихшының басқаруымен 80-ге жуық ғылыми жұмыстары қорғалып, 800-ден аса еңбегі жарық көрді. Ұлтымыздың мақтанышы Манаш Қозыбаевқа арналған өлеңдер бір төбе, оның ағалық мейіріммен жазған өлеңдері кез келген адамды баурап алады.

Аталмыш көрме бір ай көлемінде университетіміздің барлық оқу корпустарында ұсынылатын болады. Өзінің қаламынан шыққан еңбектері мен әріптестерінің қалдырған естеліктері берілген көрмеге 50-ден аса кітап ұсынылды.

Өз кезегінде енді студенттер ғалымның ғылыми мұраларымен тереңірек таныса алады. Мұндағы еңбектері арқылы Манаш Қозыбаевты тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихының концепциясын жасаудың негізін қалаған тұлға ретінде танитын болады. Студенттер үлкен ғалымның, ұлағатты ұстаздың өмірдегі жүрген жолымен, еңбегімен жақынырақ танысып, кітап беттерінен зерделей алады.

12.10.2021