Сөздәйектер галереясы
Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге Көкірегінде болсын көз. Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
«ТОҒЫЗ ҚҰМАЛАҚ». ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
13 қазан күні Kozybayev University-де студенттер мен магистранттар арасында "Тоғыз құмалақ" бойынша жарыс өтті. «Тоғыз құмалақ» - ежелгі түркілерде қасиетті саналатын 9 саны негізге алынған ежелгі қазақ үстел ойындарының бірі. Жарыс "Рухани Жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыруға арналған студенттер Спартакиадасы аясында өткізілді.
1 орынды Фс-20қ тобының "қаржы" білім беру бағдарламасы бойынша оқитын бірінші курс студенті Айдарбек Адина иеленді.
"Қаржы" білім беру бағдарламасы бойынша оқитын үшінші курс студенті, Фс-19қ тобы Садвакасова Мадина 3-ші орынға ие болды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Біз сізді мақтан тұтамыз!
Кафедра ФиМ
