Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Қозыбаев оқулары – 2021

М.Қозыбаев атындағы СҚУ М.Қабашұлының 90 жылдық мерейтойына орай «Қозыбаев оқулары-2021: білім мен ғылымды дамытудағы жаңа тәсілдер мен заманауи көзқарастары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Манаш Қабашұлының терең ақыл-ойы, ізденгіштігі, ғылымды өмірінің мәні еткен, біртуар тұлға екені бәрімізге белгілі. Академик Қозыбаевтың зерттеулері, ғылыми еңбектері, оның азаматтық ұстанымы жаңа мемлекеттің қалыптасуында елеулі рөл атқарды және оны еліміздің көрнекті ғалымдарының қатарына жатқызамыз.

2003 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан университетіне ғалым Манаш Қозыбаевтың есімі берілді. Ал, Қозыбаев оқуларын өткізу жоғары оқу орнының игі дәстүріне айналды. 

Биыл шараға Қазақстан, Франция, Литва, ТМД елдерінің ғалымдары қатысты. 370-тен астам баяндама келіп түсті. Жиынға қатысушылар Манаш Қозыбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, әріптестері, оқушылары, университет ұжымы ғалымның рухына тағзым етті.

Пленарлық отырыста СҚО әкімінің атынан оның орынбасары Ғани Нығыметов құттықтады. Басқарма төрағасы-Ректор Ерлан Шұланов: «М.Қозыбаевтың өмір жолы – Қазақстан ғылымына ұзақ, адал қызмет етудің үлгісі. Ол 90-ға жуық ең дарынды деген ғылым кандидаттары мен докторларды даярлады. Бұрын соңды болмаған «ғылым» мектебін құрды деуге болады. Зерттеушілердің, ғалымдардың жаңа буынын дайындау біздің ортақ міндетіміз. Сондықтан, елімізде бұл саланың одан әрі дамуында бұл тұлғаның ерекше рөлін атап кеткен жөн. Ортақ ісіміз алға басып, біздің ғылым дами берсін.», - деп сөз сөйледі. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммед Манаш Қозыбаевтың әлемдік тарих ғылымындағы маңызы туралы баяндады.

Конференцияда мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҚР ірі жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми және мәдени орталықтардың басшылары сөз. Іс-шара барысында академик М.Қозыбаевтың 90 жылдығына орай жарық көрген «Өзгермелі әлемдегі тарихшы. Тарихшы және оның уақыты» атты құжаттар жинағы, сондай-ақ, «Академик Манаш Қозыбаев және Тәуелсіздік белестері» ғылыми еңбектер мен естеліктер жинағының тұсауы кесілді.

Конференцияға қатысқан ғалымдар «Тәуелсіздік және ұлттық тарихи код», «Манаш Қозыбаевтың еңбектеріндегі Отан тарихының өзекті мәселелері», «Академик Манаш Қозыбаевтың тұлғалық феномені», «Ғылымдағы инновациялар: Қазақстан мен Литваның салыстырмалы талдауы», «Академик Манаш Қабашұлы Қозыбаев – Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы идеологы» және т.б. баяндамаларын оқыды.

Сондай-ақ, ҚР Президенті архиві Манаш Қозыбаевтың өмірі мен қызметіне арналған көрме ұйымдастырды.

12.11.2021