Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

"М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті" КЕАҚ бос лауазымына орналасуына конкурс жариялау туралы

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті КЕАҚ бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

  1. Медицина факультетінің директоры

Лауазымға қойылатын талаптар -Жоғары білім (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) және білім беру ұйымдарында басшы лауазымдарда немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болған кезде ғылым докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің немесе PhD философия докторы немесе бейіні бойынша доктор дәрежесінің болуы, сондай-ақ білім берудегі менеджмент бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.

Лауазымдық міндеттері: медицина факультетіне тікелей басшылықты жүзеге асыру; жоспарланатын оқу жылына арналған Медицина факультеті Кеңесінің стратегиялық, операциялық және кешенді жоспарын және жұмыс есебін әзірлеу, мониторингілеуді жүзеге асыру және іске асыру; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі жұмысты жүзеге асыру; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік; білім беру процесін оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді құру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; практикалық қызметке білім алушылардың кәсіпкерлік бастамаларын дамыту және енгізу жөніндегі қызметті үйлестіру басқа функциялар лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген.


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)                конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)                кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;

3)                еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4)                жеке куәліктің көшірмесі;

5)                075/у нысанындағы медициналық анықтама;

6)                білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 

7)                соттылығы туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;

8)                психоневрологиялық және наркодиспансерден анықтама;

9)                еңбек кітапшасы;

10)              факультеттің даму бағдарламасы.

Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 21 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.

Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Пушкин көшесі, 86, № 2 корпус, № 219 кабинет, телефон 8(7152) 369468 - Персоналды басқару қызметі, +7 701 312 8667 - Инновациялар, интернационалдандыру және трансформация мәселелері жөніндегі Басқарма мүшесі Д.К. Мектепбаева

15.11.2021