"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына оралмау үшін әуелден дұрыс тәрбие беруге тырысу керек.

А.С.Макаренко

Солтүстік Қазақстан облысының көрнекті тұлғалары

Қозыбаев университетінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының және Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан Ассамблеясының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырлған «Солтүстік Қазақстан облысының көрнекті  тұлғалары» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға облыстық және аудандық этномәдени орталықтар, қала және облыс кітапханалары мен мектептері, еліміздің Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедралары қатысты.

Раиса Бикмухаметова Қазақстанның құрметті журналисі және Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы жиналғандарға өзінің «Жерлестер» атты авторлық кітабын таныстырып, жазылу барысын айтып берді. Кітапта 2002-2007 жылдар аралығында жарық көрген бағдарламасындағы 40 жерлесіміз жайлы баяндалған.

Шара түрлі этнос өкілдері, жастар мен маман иелерінің басын тоғыстырды. Дөңгелек үстелге қатысушылар өңірдің дамуына және ел тәуелсіздігінің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан жерлестерімізге өз құрметтері мен алғыстарын  білдірді.

23.11.2021