Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Қозыбаев университетінде шетелдік профессорлар

ҚР БҒМ бағдарламасы аясында еліміздің жоғары оқу орындарына шетелдік ғалымдарды тарту мақсатында Қозыбаев университетіне екі шетелдік профессор келіп отыр. Агротехнологиялық факультетінің «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығының студенттеріне бір ай бойы Болгария елінің София қаласындағы Орман техникасы университетінің профессоры Александр Ташев сабақ беретін болады. Ол орман ресурстары және елді мекендерді көгалдандыру бойынша дәрістер оқиды. Профессор аталмыш бағдарлама аясында университетке екінші рет келіп отыр.

Ержан Петек Түрік университетінің ғалымы Токат Газиосманпаша ЖОО-да Тіл және әдебиет институтында бірқатар сабақтар өткізеді. Белгілі түрколог, PhD докторы жерглікті студенттерге Шағатай әдеби тілін таныстырмақ.

Сондай-ақ, университетімізге Италия мен Молдованың профессорлары да келмек. Шетелдік мамандар білім беру бағдарламалары мен ғылыми жұмыстардың сапасын арттыруға мүмкіндік береді және халықаралық байланыстарды кеңейтеді.

23.11.2021