Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Жас ғалымдар кеңесі ҚР үздігі атанды

Жыл сайын Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ҚР жоғары оқу орындары арасында «Жас ғалымдардың үздік кеңесі» атағына байқау өткізеді. Биыл бұл байқауда Қозыбаев университетінің жас ғалымдар кеңесі жеңімпаз атанды. Кеңес мүшелерін жеңіспен құттықтаймыз!

Бұл бірнеше жыл аралығында тыңбай еңбек еткеннің жемісі. Қор жанындағы Ғылым жөніндегі кеңестің мүшелері және белсенді жұмыс істейтін ғалымдар кіретін конкурстық комиссия жас ғалымдар кеңесінің ғылыми қызметін (өткізілетін конкурстар, семинарлар, кездесулер), әлеуметтік, мәдени және спорттық іс-шараларды (төленетін сыйлықақылар, стипендиялар) бағалады. Сондай-ақ, кеңес мүшелерінің соңғы 3 жылдағы ғылыми жарияланымдарының саны, республикалық және халықаралық ғылыми конференциялар мен тағылымдамаларға қатысуы ескерілді. Қорғалған докторлық және кандидаттық диссертациялардың саны және кеңес мүшелерінің басқа да жетістіктері есептелді. 

Қозыбаев университеттік жас ғалымдар кеңесінің құрамына 13 адам кіреді. Олар ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, асфальтбетон жабындары үшін битум-минералды композицияларды модификациялау, орнитология және тағы басқа бағыттар бойынша зерттеулер жүргізеді.

Байқаудың негізгі мақсаты жас ғалымдардың бастамаларын қолдау, сондай-ақ, олардың ғылыми әлеуетін іске асыруға көмек көрсету болып табылады. Сондықтан, жеңімпаздар тек дипломмен ғана емес, сонымен қатар оның қызметін қолдау мен дамытуға арналған грантпен де марапатталады. Жас ғалымдарымызға тың идеялар мен жаңа жобалар, алдағы уақытта табыс пен жеңіс тілейміз!

 

23.11.2021