Қандастарымызды тарихи отанына қайтару – тәуелсіздігімізге ие болғаннан күннен бастап ҚР басым міндеті. Қозыбаев университетінде «ҚХА» кафедрасы мен Foundation факультетінің бастамасымен «Арман-Отан-Мәңгі ел» пікірталас клубының отырысы өтті. Жиын барысында этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуы, олардың бейімделуі және интеграциялануы мәселелері талқыланды. Қытай, Өзбекстан, Қазақстанның солтүстік және оңтүстік аймақтарынан келген студенттер өз ойларымен және туындаған мәселелерімен бөлісті.
Білім алушылардың кездесетін қиындықтарының көпшілігі – тілдік кедергілер, қазақ тілінің диалектілері және Солтүстік Қазақстанның климаты. Сонымен қатар, білім алушылар университет оқытушылары мен жергілікті студенттерінің қарапайымдылығын, әрдайым көмекке келуге дайын екендігін, альма-матерде тілдік курстарды ұйымдастыруды, студенттерді ЖОО-ның қоғамдық және мәдени өміріне тартуларын атап өтті. Сондай-ақ, жастар «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының қызметі туралы хабардар болды және азаматтық бірегейлік пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған іс-шараларға атсалысуға шақырылды.