Сөздәйектер галереясы
Дұрыс сөздер көркем емес. Көркем сөздер сенімді емес. Жанашыр шешен емес. Шешеннің жанашыр болуы міндет емес. Білгір дәлелдемейді, дәлелдеуші білгір емес
«Тіл халықтың жаны» эссе байқауы
2021 жылдың 22-23 қыркүйегінде Тіл және әдебиет институтының «Практикалық қазақ тілі кафедрасы» Тілдер күніне арналған «Тіл халықтық жаны» тақырыбында эссе байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты мен міндеттері: жастардың бойына мақтаныш сезімін, тілге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу; жастардың тіл мәдениетін арттыру; жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту. Байқауға педагогикалық факультетінің 1 курс студенттері қатысты. Жұмыстарды бағалау кезінде осы критерийлер ескерілді: тақырыптың толық ашылуы, өзіндік ерекшелігі, ойдың мәнерлілігі, студенттердің көркемдік шеберлігі мен сауаттылығы. Байқау қорытындысы бойынша студенттер жеңімпаз атанды: 1 орын – Никита Изотов, ФКНВП-21 тобы, 2 орын - Валиева Алина ҚДР-21 тобы, 3 орын - Екатерина Сазонова ППС-21 тобы, басқа қатысушылар – сертификаттар