Сөздәйектер галереясы
Қолыңыздан келмейтін нәрсені істеуге қорықпаңыз. Есіңізде болсын, Нұх кемені әуесқой салған, ал Титаникты - кәсіби мамандар
Дейв Барри
Академик Манаш Қозыбаевтың грантын, М.Қозыбаев атындағы СҚУ Басқарма Төрағасы - Ректорының грантын тағайындау конкурсын өткізу туралы
Құрметті білім алушылар!
2020-2021 оқу жылының жазғы емтихандық сессиясының нәтижелері бойынша Академик Манаш Қозыбаевтың грантын (3 грант), М. Қозыбаев атындағы СҚУ Басқарма Төрағасы - Ректорының грантын алуға конкурс жарияланды (7 грант).
Академик Манаш Қозыбаевтың грантын тағайындау (стипендия тағайындаусыз).
М. Қозыбаев атындағы СҚУ Басқарма Төрағасы - Ректорының грантын тағайындау (стипендия тағайындаусыз).
СТжҚКО-на қажетті құжаттар тізімі (2-ші корпус):
- Ақылы негізде білім алушының М.Қозыбаев атындағы СҚУ Басқарма Төрағасы - Ректорының атына гранттар тағайындау бойынша конкурсқа қатысуға өтініші.
- Білім алушының транскрипті.
- Білім алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (фото).
- Растайтын құжаттардың көшірмелері: ғылыми еңбектердің, дипломдардың, грамоталардың, алғыс хаттардың, сертификаттардың титулдық парақтарының көшірмелері / фотосуреттері.
- Студенттің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі: 2021 жылғы 06 - 10 желтоқсан аралығында сағат 13.00-ге дейін.
06.12.2021
