Университет қабырғасында осындай атаумен СҚО Құрметті азаматы, Қазақстан ұлттық жаратылыстану академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы Анатолий Башмаков ашық интерактивті дәріс өткізді. Жиында тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы, қиын қыстау кезеңді еңсеріп, ұлттық және жаһандық ауқымдағы сын-тегеуріндердің 30 жылдық кезеңге өту жолы қарастырылды. Еліміз үшін ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тағдыршешті маңызды тарихи қадамы мен тәсілдемелері және шешімдеріне баса назар аударылды.
Сондай-ақ, академик Анатолий Башмаков Қазақстанның әлемдік тұрғыдан геосаясаттағы заманауи тәуекелдеріне және елді одан әрі жаңғыртудың негізгі бағыттарына тоқталып өтті. ҚР Үкіметінің отырысында қабылданған Солтүстік Қазақстан облысының 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарының сандары жарияланды.
Жалпы дәріске университет қызметкерлері, оқытушылары мен білім алушылар белсене атсалысып, СҚО мәдени-ағарту ұйымдарының, колледждері мен мектептерінің қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен ҚХА ғылыми-сараптама тобының мүшелері, Солтүстік қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» қызметкерлері қатысты.