Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

10 желтоқсанда Қазақстанда магистратураға гранттарды тағайындау үшін құжаттарды қабылдау басталады

10 желтоқсан күні Казақстанда магистратураға гранттарды тағайындау үшін құжаттарды қабылдау басталады

Магистратураға білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 10 желтоқсанда басталып, 14 желтоқсанға дейін жалғасады. Өтінімдер жоғары оқу орындарының виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы қабылданады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Білім және ғылым министрлігі енді үміткерлер жылына екі рет магистратура мен докторантураға құжаттар тапсыра алады деген шешім қабылдаған болатын.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін шекті балл – 75, бейінді магистратураға түсу үшін 50 балды құрайды.

Құжаттарды тапсыру кезінде оқуға түсушілер білім беру бағдарламаларының бір тобын және үш жоғары оқу орнын көрсетеді. Магистратураға білім беру грантынтағайындау конкурсы биыл 15-22 желтоқсан аралығында, оқуға қабылдау 2021 жылғы 26 желтоқсан мен 2022 жылғы 10 қаңтар аралығында өтеді.

10.12.2021