ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанның жоғары оқу орындары қауымдастығымен, демократияны, парламентаризмді дамыту және ТМД Парламентаралық қауымдастығына қатысушы мемлекеттер азаматтарының құқықтарын сақтау халықаралық институтымен бірлесіп, биыл қыркүйек айында студенттер арасында «Әлем елдерінің сайлау жүйесі» интернет-олимпиадасы өтті. Іс-шара жас буын сайлаушылары арасында электоралдық-құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған.
Қозыбаев университетінде интернет-олимпиада қатысушыларын марапаттау шарасы салтанатты түрде ұйымдастырылды. Сертификаттарды табыстау рәсіміне Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы, ЖОО басшылығы, ПОҚ және студенттер қатысты.
Солтүстік Қазақстан облысынан интернет-олимпиадада барлығы 11 адам бақтарын сынады. Атап айтқанда, «Құқықтану» және «Менеджмент» мамандықтары бойынша оқитын 2-3 курс студенттері атсалысты.