Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

«М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ бос лауазымына орналасуына конкурс жариялау туралы

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті КЕАҚ бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

Қауіпсіздік қызметінің жетекшісі

Лауазымға қойылатын талаптар - жоғары заң білімі және құқық қорғау органдарындағы немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Лауазымдық міндеттері: университет қызметкерлерінің ҚР Үкіметінің 03.04.2015 жылғы №191 Қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу талаптарын сақтауын бақылау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету; университеттің терроризмге қарсы қауіпсіздігі іс-шаралары, оның ішінде терроризмге қарсы комиссия бойынша құжаттаманы дайындау және жүргізу; қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және ректормен бекітілген өкімдік құжатпен белгіленген университеттің оқу корпустары мен жатақханаларында өткізу режимін жүзеге асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; күзетшілердің қоғамдық тәртіпті, терроризмге қарсы қауіпсіздікті, университет персоналының мүлкін, өмірі мен денсаулығын сақтауды, университеттің оқу корпустары мен жатақханаларындағы Объектілік және өткізу режимін қамтамасыз ету бойынша қызметтік міндеттерін орындауын тұрақты түрде тексеруді және бақылауды жүзеге асыру.


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
  3. еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  4. жеке куәліктің көшірмесі;
  5. 075/у нысанындағы медициналық анықтама;
  6. білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  7. соттылығы туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
  8. психоневрологиялық және наркодиспансерден анықтама;
  9. еңбек кітапшасы.

Құжаттар хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қабылданады. Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Пушкин көшесі, 86, № 2 корпус, № 219 кабинет. Телефон 8 (7152) 369468.

14.12.2021