Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

John Deere жабдығы бойынша студенттік жұмыстар байқауының жеңімпазы анықталды

Желтоқсан айының соңында Көкшетау қаласында «EurasiaGroupKazakhstan» ЖШС компаниясының базасында «Қазақстан Республикасындағы John Deere жабдығы» тақырыбында жыл сайынғы республикалық студенттік жобалар байқауы өтті.Оған Нұр-Сұлтан, Шымкент, Көкшетау, Щучье, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының жоғары оқу орындары мен колледждерінен 43 студент қатысты.

Ал, университетіміздің  атынан Агротехнологиялық факультетінің «Агрономия», «Өсімдіктерді қорғау және карантин» білім бағдарламасының 6 студенті қатысты.
Бірінші турдың қорытындысы бойынша финалға 10 қатысушы лекті, оның ішінде төртеуі Жалғас Айтбай, Әлихан Майсатаев, Шыңғыс Оразмаханов және Алдияр Ғабдуллин университетіміздің студенттері. Айта кетейік, барлық финалистер компанияның таланттар қорына енді. Олар кәсіби шеберліктерін, шығармашылық қасиеттерін және лайықты қарсыластармен тең дәрежеде күресе алатындықтарын көрсете білді.

Алдияр Ғабдуллин байқаудың жеңімпазы атанды! Енді ол Германиядағы немесе Америкадағы John Deere жабдығын шығаратын зауыттардың біріне сапар аттанып, сонымен қатар, «EurasiaGroupKazakhstan» ЖШС компаниясына жұмысқа орналасу сынды мүмкіндіктерге ие болып отыр. 

Қазіргі күнде 2 курс студенті Алдияр болашақ агроном мамандығын игеріп жүр. Ол мұндай ауқымды байқауға алғаш рет қатысып отыр. «EurasiaGroupKazakhstan» төрағасы С. Г. Глокке бастаған қазылар алқасы жеңісті бірауыздан біздің студентке беруді ұйғарды. Сонымен қатар, факультетке және ғылыми жетекшіге, «Агрономия және орман шаруашылығы» кафедрасының оқытушысы Р. М. Кармановқа алғыс білдірді! Айта кетейік, АФ студенттері бұл жарысқа 2013 жылдан бері қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді.

22.12.2021