Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шешімімен «Көлік және машина жасау» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Виталий Савинкинге мемлекеттік ғылыми стипендия берілді.
Бұл төлем ел үшін басым бағыттар бойынша іргелі немесе қолданбалы зерттеулерге, сондай-ақ, ғылыми кадрларды даярлауға белсенді қатысатын ғалымдар мен ғылыми қызметкерлерге бір жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.
Виталий Владимирович 16 жылдан астам ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысып келеді. 3 монография мен оқу құралдарының авторы, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2015» республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурстарының жеңімпазы. Бірнеше ғылыми-техникалық, соның ішінде, халықаралық журналдардың редакциялық алқасының мүшесі. Диссертациялық кеңестің өклі. Ұзақ жылдар бойы плазмалық бүрку арқылы энергетикалық жабдықтардың бөлшектерін қалпына келтіру саласында ғылыми зерттеулер жүргізді. Виталий Савинкинді осы жоғары жетістігімен құттықтаймыз! Табыс пен жаңа кәсіби биіктерді бағындыруыңызға тілектеспіз!